ЖаңалықтарЕкінші тіркеу трансферлік кезеңі аяқталды
30 Шілде 2021, 22:31

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты мен Біріншіліктерінің қатысушылары үшін 2021 жылғы маусымның екінші тіркеу трансферлік кезеңінің аяқталғаны туралы хабарлайды.
Трансферлік терезе 1 шілдеде ашылды, ал 29 шілдеде ресми түрде аяқталды.
Сонымен қатар, FIFA TMS жүйесінде 29 шілдеде бірнеше трансфер тіркелді, бірақ олар жақын арада аяқталады. ҚКФЛ осы трансферлер қорытындысы бойынша қосымша хабарлайтын болады.
Екінші тіркеу трансферлік кезеңі жабылғаннан кейін 30 күн ішінде OLIMPBET-Қазақстан Республикасының чемпионаты мен Біріншіліктеріне қатысушылар Қазақстан футбол федерациясының дауларды шешу палатасы арқылы еркін агенттерді тіркей алады алады.
OLIMPBET-Чемпионатының, Бірінші және Екінші лигаларының футболшылары мен клуб қызметкерлерінің ресми тізімдеріндегі барлық өзгерістер біздің ресми сайтта командалардың профайлдарына енгізілді.
Тағы жаңалықтар
-
Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XI туры Сергей Гороховодацкийді еске алуға арналады
-
ҚКФЛ OLIMPBET-Чемпионаты және UBET-Біріншілігі клубтары үшін семинар өткізді
-
OLIMPBET-Чемпионатының 13 және 14 турларында «Каспий» ФК мен «Астана» ФК арасындағы ойындарды өткізу тәртібі өзгерді
-
Виктор Грабко - Екінші лиганың Оңтүстік-Батыс конференциясының сәуір айындағы үздік ойыншысы