РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарМаусым айынның үздік бас бапкері және ойыншысы анақталды

18 Шілде 2021, 12:00

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының үздік бас бапкері мен ойыншысын анықтады.

Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Барлық ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.

Маусым айының үздік ойыншысы болып алматылық «Қайрат» командасының легионері Вагнер Лав атанды. Бразилиялық ойыншы 37 ұпай жинады.

Аталмыш тізімде екінші орынға елордалық «Астананың» көшбасшысы Марин Томасов орналасты. Ол 30 ұпайға ие болды. Үшінші орында – «Қайрат» командасының шабуылшысы Артур Шушеначев. Қазақстандық ойыншы 20 ұпайға қол жеткізді. 

Маусым айының үздік бас бапкері болып «Қайрат» командасының жас жаттықтырушысы Кирилл Кекер атанды. Ол 6 ұпай жинады.

Жүлделерді жеңімпаздарға OLIMPBET-футболдан Қазақстан Кубогының 2-тур «Қайрат»-«Каспий» кездесуінің алдында ҚКФЛ басшысы Олжас Абраев табыстады.

Кім кімге дауыс берді:
 
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 6051 )