РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарБірінші лиганың мамыр айындағы үздік ойыншысы марапатталды

21 Маусым 2021, 11:24

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) дәстүр бойынша айдың соңында Бірінші лига командалары арасындағы Біріншіліктің үздік ойыншысын анықтау мақсатымен сауалнама өткізді.

Мамыр айының үздігі болып «Оқжетпес» командасының шабуылшысы Жасұлан Молдақараев атанды. Тәжірибелі ойыншы 25 ұпай жинады.

Сауалнама қорытындысы бойынша екінші орынға «Ақсу» командасының шабуылшысы Мирас Тұрлыбек ие болды, ол 14 ұпай жинады. Үшінші орынды 8 ұпай жинап, «Қыран» командасының ойыншысы Данабек Қуанышбай иеленді.

Жүлдені Жасұлан Молдақараевқа Бірінші лиганың 9 тур «Оқжетпес» - «Мақтаарал» ойынының алдында ҚКФЛ спорттық директоры Павел Демян табыстады. 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 6022 )