РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚазақстандық клубтардың еурокубоктағы қарсыластары анықталды

16 Маусым 2021, 18:19

УЕФА Чемпиондар лигасы мен Конференциялар лигасының алғашқы екі іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңі жеребесінің қорытындысы бойынша ел чемпионы алматылық «Қайрат» израильдік «Маккаби» Хайфа клубымен кездеседі. Алғашқы ойын сырт алаңда 6/7 шілдеде өтсе, жауапты кездесу Алматы қаласында 13/14 шілдеге жоспарланған.

Егер алматылық команда екі ойынның қорытындысы бойынша израильдік клубтан басым түссе, турнирдің екінші іріктеу кезеңінде оларды сербиялық «Црвена Звезда» клубы күтуде. Аталмыш кезеңнің ойындары 20/21 және 27/28 шілдеде жоспарланған.

«Астана», «Тобыл» және «Шахтер» футбол клубтары Конференциялар лигасына екінші іріктеу кезеңінен бастап қатысады.

Жаңа жарыстың екінші іріктеу кезеңінде елордалық «Астанаға» грекиялық «Арис» клубы қарсыласы атанды. Алғашқы ойын өз алаңында 22 шілдеде өтсе, қарымта кездесу 29 шілдеде болады.

Қостанайлық «Тобылға» жеребе бойынша хорватиялық «Хайдук» клубы қарсылас болды. Бірінші ойын 22 шілдеде қонақта жоспарланған, қарымта ойын 29 шілдеде Қазақстанда өтеді.

Ал қарағандылық «Шахтер» румыниялық «Стяуа» клубымен бақ сынасады. Бірінші ойын Румынияда 22 шілдеде өтсе, қарымта ойын күнтізбеге сәйкес 29 шілдеде жоспарланған.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 6015 )