РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарМарин Томасов — OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының мамыр айынының үздік ойыншысы

14 Маусым 2021, 11:28

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы мамыр айының қорытындысы бойынша OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының үздік ойыншысын анықтады.

Жаңа маусымнан бастап үздік ойыншыны анықтауға арналған сауалнамаға бас бапкерлерден бөлек команда капитандары қатысады.

Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Барлық ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.

Мамыр айының үздігі болып елордалық «Астананың» жартылай қорғаушысы Марин Томасов атанды. Хорватиялық ойыншы 34 ұпай ие болды.

Екінші орынды 19 ұпаймен алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Хосе Канте иеленсе, үздік үштікке «Тобыл» командасының ойыншысы Асхат Тағыберген кірді. Ол 16 ұпай жинады.

Жүлдені жеңімпазға OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының 15-тур «Астана»-«Тобыл» кездесуінің алдында ҚКФЛ басшысы Олжас Абраев табыстады.

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 6012 )