РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарМамыр айының үздік голының авторы марапатталды

13 Маусым 2021, 13:49

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының мамыр айының үздік голының авторын марапаттады.

Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында өткізілді. Жанкүйерлер таңдауына 7 үздік гол ұсынылды. Шараға барлығы 1 309 адам қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша ең үздік болып 2021 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының «Қайрат» – «Ақтөбе» (12-тур) кездесуінде соғылған Эрвейн Мукамның тамаша голы атанды. Ақтөбелік ұжымның жартылай қорғаушысының голына 921 (70,39 %) сауалнамаға қатысушы дауыс берді.

Аталмыш жүлдені ақтөбелік команданың ойыншысына ҚКФЛ спорттық директорының орынбасары Бауыржан Сейсенбеков табыстады.

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 6007 )