РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • Бiрiншi лига
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚазақстан Кубогының алғашқы кезеңдерінің жеребе тарту рәсімі өтті

07 Сәуір 2021, 15:32

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан Республикасы Кубогының алғашқы екі кезеңінің жеребе тарту рәсімін өткізді.

Қазақстан Кубогының алғашқы кезеңдеріне Бірінші және Екінші лиганың 14 футбол клубы қатысады: «Игiлiк», «Оқжетпес», «Ақсу», «Қыран», «Оңтүстік академиясы», «Мақтаарал», «Екібастұз», «Алтай», «SD Family», «Рузаевка», «Жас Қыран», «Яссы-Түркiстан», «Жеңіс», СДЮСШОР № 8 (Нұр-Сұлтан қ.).

 
Жеребе қорытындысы бойынша бірінші іріктеу кезеңінің келесі жұптары анықталды:
«Рузаевка» – «Яссы-Түркістан»
«Игілік» - СДЮСШОР № 8
«Екібастұз» - «Ақсу»
«SD Family» - «Қыран»
«Жас Қыран» - «Мақтаарал»
«Оқжетпес» - «Жеңіс»
 
Екінші іріктеу кезеңі:
«Рузаевка»-«Яссы-Түркістан» жұбының жеңімпазы – «Оңтүстік академиясы»
«Игілік»-СДЮСШОР № 8 жұбының жеңімпазы – «Алтай»
«Екібастұз»-«Ақсу» жұбының жеңімпазы – «SD Family»-«Кыран» жұбының жеңімпазы
«Жас Қыран»-«Мақтаарал» жұбының жеңімпазы – «Оқжетпес»-«Жеңіс» жұбының жеңімпазы
 
ҚР Кубогының алғашқы екі кезеңінде жеңімпаздар бір ойын қорытындысы бойынша анықталады. Кездесулер жұптарда бірінші көрсетілген командалардың алаңдарында өтеді.    
 
Бірінші кезеңнің барлық ойындары 2021 жылдың 22 сәуірінде өтеді, ал екінші кезеңнің кездесулері 1 мамырға жоспарланған. 
 
 
 
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5926 )