РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар"Локомотив" – алғашқы айналым үздігі

15 Мамыр 2011, 20:01

11-турда «Локомотив» Қостанайда қонақ болды, чемпионға қарсы ойын турдың орталық ойынына айналды. Бұл кездесудегі күрестің қорытынды «теміржолшылардың» жеңісімен байланысты. Жалғыз голды қонақтардан өз капитаны Нұрбол Жұмасқалиевтің пасын оңтайлы қолданған жартылай қорғаушы Марат Шахметов соқты.
«Жетісу» бірінші айналымды турнир кестесінің басында тұрып тәмамдауға мүмкіндігі болғанымен, қонақта бас бапкерін алмастырған «Востокты» ұтып кете алмады. Бірнеше күн бұрын Вахид Масудов қызметінен бас тартқанын, оның орнын украиндық маман Александр Голоколосов басқанын естеріңізге саламыз. Кездесу қорытындысы - 0:0.
«Ертіс» өз қабырғасында «Ордабасыны» басып өтіп, талдықорғандықтарға жақындап қалды. Бірінші таймда павлодарлықтардың капитаны Константин Заречный көзге түсті, ал кездесудің екінші жартысында Талғат Байсуфиновтың командасының жетістігін алаңға алмасып шыққан Глеб Мальцев екі еселеді- 2:0. Қонақтар бір доп соғуға әдемі мүмкіндігі болғанымен, Александр Трайкович «Ертістің» голкипері Антон Циринге он бір метрлік соққысын өткізе алмады.
«Ақтөбе» қонақта турнир кестесінің аяқтап тұрған «Қайсарды» оңай ұтты. Владимир Мұхановтың тәрбиеленушілері әр таймның соңында ол соғып отырды. Алдымен, «Ақтөбе» легионері Малик Мане чемпионаттағы 6-ншы голын соғып, ерекшеленді. Ал кездесудің соңында жас Сергей Лисенков мергендігімен көзге түсті.
«Атырау» турнир кестесінде «Тобылды» басып озып, үздік алтылыққа екі-ақ ұпай жетпей тұр. Ол үшін «мұнайшыларға» өз қабырғасында «Таразды» жеңгені жеткілікті болды - 1:0.
Ал «Шахтер» өзінің лидерге жақын келер мүмкіндігін жіберіп алды. «Кеншілер» Алматыда қонақ болды, бұл маусымда жарқырамаған «Қайрат» мінез танытып, жеңісті қолдан бермеді - 2:1. Алдымен қарағандылықтар ерекшеленді. Бірақ Константин Головской пен Сергей Струков екінші таймда «Шахтер» қақпасының алдында әдемі ойын өрнегін көрсетіп, ойынның аяғын басына келтірді.
Сөйтіп, бірінші шеңбер аяқталды. Үздіктер үштігі мынадай: 1. «Локомотив», 2. «Ақтөбе», 3. «Жетысу». Турнир кестесінің соңына «Кайсар» мен «Восток» орналасты. Сондай-ақ, бірінші шеңберде екі бапкер қызметтен кетті.
Екінші шеңбер жақында басталады. 21 мамырда еліміздің алты қаласында Премьер-лиганың 12-нші туры басталады.


Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 592 )