РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарНаурыз айының үздік голын таңдаймыз!

25 Наурыз 2021, 17:10

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2021 жылғы маусымның OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының наурыз айының үздік голын анықтау мақсатымен сауалнама өткізеді.

Сіздің таңдауыңызға OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ойындарында соғылған 6 голды ұсынамыз.

Үміткерлер тізімі келесідей:

1. Аслан Әділдің голы (2 тур, «Жетісу» - «Тұран» - 3:0)
2. Макс Эбонгтың голы (2 тур, «Астана» - «Каспий» - 2:0)
3. Асхат Тағыбергеннің голы (1 тур, «Тобыл» - «Ақжайық» - 2:0)
4. Уаджди Салидің голы (1 тур, «Каспий» - «Ақтөбе» - 1:1)
5. Абзал Бейсебековтың голы (1 тур, «Тұран» - «Астана» - 2:2)
6. Небойша Косовичтің голы (1 тур, «Қайрат» - «Жетісу» - 2:0)
 

Өзіңізге ұнаған голға дауысыңызды ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми парақшасында бере аласыз. Сауалнама 31 наурызға дейін жалғасады.
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5918 )