РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚКФЛ аясында өтетін ойындар кезінде жанкүйерлерді стадионға кіргізу ережелері

12 Наурыз 2021, 13:23

Ойындарды өткізу проколының талаптарына байланысты санитарлық нормаларға сейкес жанкүйерлерді стадионға кіргізу ережелері бекітілгені туралы Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы хабарлайды. Клубтар тарапынан қатаң сақтауға шартты ережелер тізімі төменде ұсынылған.  

1. Жанкүйерлерді стадионға кіргізу мемлекеттік құзырлы органдардың талаптарына сай жүзеге асырылады. Жанкүйерлерді арнайы ойынға кіргізу жергілікті құзырлы органдардан рұқсат алу арқылы жүзеге асады.

2. Стадиондағы орындар санына байланысты 30 (отыз) пайыз көлемінде жанкүйелерді кіргізу рұқсат етілген.

3. Стадионға жанкүйерлерді кіргізу тек қана жеке билеттер арқылы жүзеге асуы тиіс. Билетте жанкүйердің трибунадағы орны туралы ақпарат болуы керек.

4. Билеттерді сату онлайн немесе стадиондағы кассалар арқылы жүзеге асуы тиіс. Билеттерді стадиондағы кассалар арқылы сату кезінде кезекте тұрған адамдардың арасында әлеуметтік арақашықтықты сақтау маңызды. Билеттерді кассалар арқылы сату (кассалардың жұмысы) ойынның басталуына 3 сағат қалғанда аяқталуы шарт.

5. Жанкүйерлерді трибуналарда орналастыру жанкүйерлер арасында әлеуметтік арақашықтықты сақтау арқылы жүзеге асуы тиіс.

6. Стадионға жанкүйерлерді кіргізу кезінде дене қызуының температурасын тексеру керек. Дене қызуы жоғары жанкүйерлерге стадионға кіру қатаң тыйым салынған.

7. Стадионға кіретін жерлерде және жедел сатылардың қасында, сонымен қатар трибуналарда зарарсыздандыратын санитайзерлардың болуы тиіс.  

8. Стадион ішінде жанкүйерлер қорғаныс бетперделерін пайдалануы керек. Бұл талап 5 жасқа дейінгі балаларға қатысты емес.

9. Жанкүйерлерді стадион аумағына кіргізу кезінде адамдардың топырлап жиналуын болдырмау үшін стадионға кіретін есіктердің барлығын пайдалану керек. Жанкүйерлерді стадионға кіргізу әлеуметтік арақашықтықты сақтау арқылы жүзеге асуы тиіс.

10. Стадионның барлық секторлары мен трибуналары жанкүйердің өзінің орнына қысқа уақыт ішінде жетуі үшін арнайы белгілермен жабдықталуы тиіс.

11. Стадион аумағында орналасқан кафе немесе басқа сауда орындарында жанкүйерлер арасында әлеуметтік арақашықтықты сақтау маңызды. Қызметкерлер мен жанкүйерлер арнайы қорғаныс бетперделерін пайдалануы шарт.

12. Ұйымдасқан топтардан тұратын жанкүйерлерге арналған стадион секторларына билеттер сатылмайды.

13. Ойынға дейін, ойын кезінде, ойыннан кейін жанкүйерлердің ойыншылармен, бапкерлермен, клуб қызметкерлері және басшыларымен қарым-қатынасы тыйым салынған.  

14. Футбол клубтары аталмыш Ережелердің орындалуына тікелей жауап береді. Жанкүйерлермен стадион аумағын жұмыс жасау үшін арнайы адамдардың (стюардтардың) саны қажетті болуы тиіс.  

15. Футбол клубтары аталмыш Ережелердің талаптарымен барлық жанкүйерлерді хабарландыру жұмыстарына жауап береді.

16. Егер аталмыш Ережелерді орындамау туралы видео-ақпарат, БАҚ және/ немесе әлеуметтік желілердегі, инспектордың және/ немесе ойын өкілдердің есептері және ойыннан кейін келген өзге ақпарат арқылы дәлелденсе белгілі бір стадионға жанкүйерлерді кіргізуге тыйым салу жазасы қолданылады.

Сонымен қатар, егер ойын нейтралды стадионда өтетін болса, кездесу жанкүйерлерсіз өтуі тиіс. Аталмыш шешім елдегі орын алған тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты және футбол клубтардың жанкүйерлерінің басқа облыстарға баруына шектеу қою үшін қабылданды. 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5908 )