ЖаңалықтарВагнер Лав – 2020 жылғы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік шабуылшысы
29 Желтоқсан 2020, 19:30

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы өткен маусымды қорытындылауды жалғастыруда.
Футбол клубтарының жетекшілері, бас бапкерлері, сонымен қатар команда капитандарының дауыс беру нәтижелері бойынша Премьер-лиганың үздік ойыншылары анықталды
Респонденттердің назарына үздік бес үміткерден тұратын тізім ұсынылды. Әр респондент үш үміткерді таңдады. Бірінші орын - үш ұпай, екінші орын - екі ұпай, үшінші орын - бір ұпай. Барлық ұпайды санау арқылы сауалнама қорытындыланады.
«OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік шабуылшысы» номинациясында алматылық «Қайраттың» легионері Вагнер Лав топ жарды. Ол 80 ұпай жинады.
Үздіктер тізімі келесідей:
1. Вагнер Лав («Қайрат») – 80 ұпай;
2. Абат Айымбетов («Қайрат») – 66 ұпай;
3. Элгуджа Лобжанидзе («Қайсар») – 33 ұпай;
4. Сергей Зенев («Шахтер») – 11 ұпай;
5. Педро Эуженио («Жетісу»)– 8 ұпай.
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының клубтарының жетекшілері:
.jpg)
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының клубтарының бас бапкерлері:
.jpg)
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының клубтарының капитандары:
.jpg)
Тағы жаңалықтар
-
Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XI туры Сергей Гороховодацкийді еске алуға арналады
-
ҚКФЛ OLIMPBET-Чемпионаты және UBET-Біріншілігі клубтары үшін семинар өткізді
-
OLIMPBET-Чемпионатының 13 және 14 турларында «Каспий» ФК мен «Астана» ФК арасындағы ойындарды өткізу тәртібі өзгерді
-
Виктор Грабко - Екінші лиганың Оңтүстік-Батыс конференциясының сәуір айындағы үздік ойыншысы