РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар2020 жылғы маусымның OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының қорытындысы

30 Қараша 2020, 20:23
30 қарашада 2020 жылғы маусымның OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының соңғы туры өтті.
 
Жарыстың аяқталуына бес тур бұрын «Қайрат» футбол клубы бірінші орынға ие болды. 2020 жылғы маусымда алматылық команда 45 ұпай жинап, 48 соғылған голмен біріншіліктің ең үздік футбол ұжымы атанды.  
 
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының күміс жүлдесіне қостанайлық «Тобыл» қол жеткізді. Қостанайлық команда 38 ұпайға ие болды.  
 
Жарыстың үшінші орынын елордалық «Астана» футбол клубы жеңіп алды. Астаналық ойыншылар 36 ұпай жинады.  
 
Жарыс қорытындысы бойынша «Шахтер» футбол клубы төртінші команда атанды. Қарағандылық ұжым 32 ұпаймен келесі маусымда отандық футболдың атын Еуропа алаңдарында шығаруға тырысады.
 
Сонымен, «Қайрат» 20212022 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынайды, ал «Тобыл», «Астана» және «Шахтер» еліміздің атынан УЕФА-ның су жаңа турнирі Конференция лигасына қатысады.  
 
Үздіктер қатарынан Бірінші лигаға маусым қорытындысы бойынша 11 орынға ие болған «Оқжетпес» командасы ауысады.
 
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының үздік сұрмергені болып шымкенттік «Ордабасының» 32-жасар ойыншысы Жоао Пауло атанды. Ол 20 ойында 12 гол соқты.
 
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының қатысушы-клубтарын және отандық футбол сүйер қауымды маусымның аяқталуымен құттықтайды. 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5858 )