РУС ҚАЗ
Екінші лига
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарЕкінші лиганың "Қызыл-Жар СК Ж" – "SD Family" ойынын тексеру жұмыстары аяқталды

21 Қазан 2020, 21:56
Қазақстан футбол федерациясының Екінші лига командалар арасындағы Біріншіліктің 5-турының "Қызыл-Жар СК Ж" – "SD Family" кездесуін әділ ойын қағидаларын сақтауға қатысты тексеру шараларының аяқталғаны туралы хабарлаймыз.
 
Тексеріс барысында ойынның ресми өкілдерін сұрыстыру жұмыстары жүргізілді, ойынның бейнетаспасы қаралып, эпизодтарға талқыланды, кездесудің нәтижесіне қатысты және соғылған доптардың санына байланысты коэффиценттер талдалды. Қазақстандық букмекерлер ішінде коэффициенттер мен ұтыс тігу саны қаралды, Live режимінде коэффиценттердің өзгеруі қосымша зерттелді.
 
"Қызыл-Жар СК Ж" командасының голдарына арнайы тігілген ұтыстарға қатысты коэффиценттердің жылдам өзгеруі байқалмағандығы туралы серіктес-компаниялардың ұтыс тігу мамандары айтып өтті. Сол себептен Қазақстан ішінде және өзге елдерде көп голдардың соғылуына үлкен көлемде ұтыстардың тігілмегендігі туралы тұжырымға келуге болады.
 
Сонымен қатар бейнетаспаны талқылау барысында Қазақстан футбол федерациясының мамандары ойын кезінде екі жақ тарапынан спорттық күрестің болмағандыған білдіретін ерекше әрекеттердің жоқтығы туралы ортақ шешімге келді. Екі командаға да бұл ойынның маңыздылығы жоғары болды, себебі кездесу алдында қос команда топтағы бірінші орынға үміткер болатын.   
 
ҚФФ серіктестердің көмегімен спорттық нәтижелері әділ емес ойындарды әрдайым бақылап, кеңес алып тұратынын айта кету маңызды. "Қызыл-Жар СК Ж" – "SD Family" кездесуінің нәтижесіне қатысты спорттық ортадағы аса жоғары қызығушылық Лига мен Федерацияның тарапынан өтіп жатқан тексеріс туралы хабарлауға итермеледі, бірақ мұндай тексеру форматы біздің жұмыста барлық кәсіби деңгейілерде стадартты түрде өтетін шара екенін айта кету керек. 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5815 )