РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарOLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының қыркүйек айының үздік голы таңдалды

19 Қазан 2020, 11:30

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының қыркүйек айының үздік голын анықтау мақсатымен футбол сүйер қауым және жанкүйерлер арасында арнайы сауалнама ұйымдастырды.

Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында өткізілді. Шараға барлығы 2 721 адам қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша үздік гол болып OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының «Астана» – «Шахтер» (9-тур) кездесуінде соғылған Айдос Таттыбаевтың нәтижелі соққысы атанды. Қарағандылық команданың шабуылшысының голына 1 241 (45,61 %) сауалнамаға қатысушы дауыс берді.

Аталмыш жүлдені Айдос Таттыбаевқа ҚКФЛ жетекшісі Олжас Абраев табыстады.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5808 )