РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарOLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының тамыз айының үздік голының авторы марапатталды

13 Қыркүйек 2020, 17:40

8-турдың «Қайрат» және «Қайсар» командалары арасындағы кездесудің алдында OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының тамыз айының үздік голының авторын марапаттау рәсімі өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында футбол сүйер қауым және жанкүйерлер арасында «OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының тамыз айының үздік голын» анықтау мақсатымен сауалнама өткізді. Дауыс берушілер назарына 7 үздік гол ұсынылды. Аталған шараға барлығы 1 183 адам қатысты.  

Сауалнама қорытындысы бойынша бірінші орынды OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының «Қайсар» – «Тобыл» (7-тур) кездесуінде соғылған Асхат Тағыбергеннің голы атанды. Қызылордалық команданың жартылай қорғаушысының тамаша соққысы 808 (68, 3 %) жанкүйердің көңілінен шықты.

Жүлдені қызылордалық команданың көшбасшысы Асхат Тағыбергенге ҚКФЛ президенті Олжас Абраев табыстады.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5764 )