РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚКФЛ OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының тамыз айының үздік бас бапкерін марапаттады

13 Қыркүйек 2020, 15:30
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының «Қайрат» - «Қайсар» ойынының алдында тамыз айының үздік бапкерін марапаттау рәсімі өтті.
 
Естеріңізге сала кетейік, ҚКФЛ қыркүйек айының алғашқы аптасында командалардың бас бапкерлерінің арасында сауалнама өткізді. Сауалнама нәтижесі бойынша «OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының тамыз айының үздік бапкері» атағын «Қайрат» командасының жаттықтырушысы Алексей Шпилевский иеленді. Жас маманның пайдасына чемпионаттың 10 бапкері таңдау жасады, ал Шпилевский өз дауысын «Каспий» командасының бапкері Срджан Благоевичке берді.
 
Алексей Шпилевскийдің жетекшілігімен алматылық «Қайрат» тамыз айында үш ойында 9 ұпайға қол жеткізді. Алматылық ұжым «Каспий» (3:0), «Тобыл» (3:1) және «Ордабасы» (3:1) командаларынан басым түсті. Сонымен қатар «Қайрат» УЕФА Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде армениялық «Ноа» командасын жеңді.
 
Жүлдені жеңімпазға ҚКФЛ басшысы Олжас Абраев табыстады. 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5763 )