РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарOLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының тамыз айының үздік голы таңдалды

09 Қыркүйек 2020, 14:40

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының тамыз айының үздік голын анықтау мақсатымен футбол сүйер қауым және жанкүйерлер арасында арнайы сауалнама өткізді.

Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында ұйымдастырылды. Аталмыш шараға барлығы 1 183 адам қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша бірінші орынды OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының «Қайсар» – «Тобыл» (7-тур) кездесуінде соғылған Асхат Тағыбергеннің голы атанды. Қызылордалық команданың жартылай қорғаушысының тамаша соққысы 808 (68, 3 %) сауалнамаға қатысушының көңілінен шықты.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5758 )