РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарОлжас Абраев: Чемпионатты қайта жалғастыруға ат салысқан барлық мамандарға алғыс айтамыз

01 Қыркүйек 2020, 18:55

 Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының жалғасуы туралы айтты, «Алматы-Талғар» локациясында өткен ойындарды қорытындылады және алдағы жоспарлармен бөлісті.

- Олжас Шәкенұлы, ұзақ үзілістен кейін Қазақстан Чемпионаты «Алматы-Талгар» бір локациясында жалғасқан болатын. Жарысты қайта жалғастыруға дайындық қалай жүрді? Қандай қиындықтар туындады?

- Мен жарысты жалғастыруға ат салысқан барлық мамандарға алғыс айтқым келеді. Қазақстан футбол федерациясының басшылығы, Мәдениет және спорт министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және де Чемпионатқа қатысатын барлық клубтар үлкен футболдың қайта оралуына өз үлестерін қосты. Футбол маусымының жалғасуы — біздің футбол жанұямыздың бір жұдырықтай жұмылып, жеткен колективті жетістігі. Ең бастысы — ойыншылар өз бабына келді. Бұл УЕФА Ұлттар лигасына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасына пайдасын тигізеді. Сонымен қатар бұл жағдай Еуропа лигасына қатысатын біздің командаларға тиімді, себебі командалардың қыркүйек айының ортасына қарай ойын тонусы жақсы болады.
 
- Карантин мен пандемия отандық футболға қалай әсер етті?
- Елде орын алған жағдай санитарлық талаптарды қатаң сақтауды талап етті. Жарыс барысында вируспен ауырған бірде-бір ойыншы болмады, бұл жоғары деңгейдегі сақтық шаралары өз жемісін берді дегенді білдіреді. Өздеріңіз білетіндей жарыс басталмас бұрын құзыретті мемлекеттік органдармен келісу арқылы арнайы санитарлық протокол жасалды. Бұл протоколда жарыс алдында команданың ойыншыларын және әкімшілігін тестілеу, стадиондарда ойын кезінде орналасу, міндетті түрде бетперде мен қолғаптардың болуы, ареналарда арнайы дезинфекция түнелінің орнатылуы, дене қызуын тексеру шаралары және басқа да санитариялық-эпидемиологиялық талаптар қарастырылған. Пандемия бір қалыпты өмірге өзгеріс алып келді, сол себепті футбол да қоғамда қауіпсіз өмір сүру үшін біраз өзгерістерге бейімделді. Клубтар барлық талаптарды қатаң сақтады, сол себепті біздер оларға ризамыз.    
 
- Лига ойындарды өткізуге стадиондарды қалай таңдайды? Ареналарды таңдаудың арнайы алгоритмі бар ма?
- Біздер әрдайым БАҚ және әлеуметтік желілердегі барлық топтарды оқып отырамыз, сол себепті жанкүйердердің «жарысты неге тек қана Алматыда өткізеді» деген сұрақтарға жауап беруге дайынбыз. Кейбір адамдар «Қайрат» өз алаңындағы барлық ойындарды Орталық стадионда өткізеді деп ойлайды. Бірақ біздер спорттық қағидаларды максималды түрде сақтадық — алматылық команда сырт алаңдағы ойындарды клубқа қатысы жоқ стадиондарда өткізеді, яғни бұл «Жас Қыран» және Талғар қаласындағы оқу-жаттығу базасы. Сонымен қатар Орталық стадион турдағы орталық кездесуді өткізуге пайдаланылады. Стадиондарды таңдаудың өзге талаптарына қатысты — біздер күз мезгілінің ауа райына байланысты футбол төсенішінің сапасына көңіл аударамыз. Жасанды төсеніші бар стадиондарда ойын саны артуы ықтимал.
 
- Қайта оралған Чемпионат футбол сүйер қауымды және жанкүйерлерді әр түрлі командалардың орындауындағы әдемі голдармен қуантты. Бұған себеп не?
- Біріншіден, менің ойымша жарысты Алматы мен Талғар қалаларында өткізу арқылы біздер футбол трансляцияларының сапасын жақсарттық. ҚКФЛ ойындарды QAZSPORT телеарнасымен бірігіп түсіреді. Қазақстан Чемпионатының серіктесі  OLIMPBET арқасында ойындарды көрсету үшін камералар саны артты, кәсіби техника пайдаланылды, бұл дегеніміз ойын кезінде орын алған әр түрлі сәттерді қайталау сапасын жоғарлатты. Бұл трансляциялардың сапасын арттырды. Және де ойыншылардың футболды сағынғаны көзге көрінеді. Міне, осы жағдайларға байланысты біздің футболдың сапасы жоғарлады.
 
- QAZSPORT телеарнасындағы трансляцияларға қатысты — бұл үлкен жетістік! Енді барлық ойындарды республикалық телеарнаның тікелей эфирінде көруге болады.
- Сізбен толық келісемін. QAZSPORT телеарнасындағы трансляциялардың арқасында көрермендер саны артты. Енді отандық футболды тек қана қалаларда емес, ауылдарда да көреді. Футболдың қоғамдағы маңыздылығы артты — енді үйде отырып сүйікті команданың ойынын қарауға мүмкіндік бар. Бұл — Чемпионатты көрсету жағынан үлкен революция. Сонымен қатар біздер голдар мен ойындарға шолуды әлеуметтік желілерге жүктейміз — егер жанкүйерлерге ойынды тікелей эфирде көруге мүмкіндік болмаса, жарыс кезінде голдар мен қауіпті сәттерді ҚКФЛ әлеуметтік желілерінде қарауға болады. Біздер қазақстандықтарға отандық футболды көруге барлық жағдайларды жасадық.
 
- Үзілістен кейін Чемпионат осы схемамен жалғасады ма?
- Иә, біздер 5 турдан тұратын қысқа күнтізбені дайындаудамыз. Ойындар қайтадан «Алматы-Талғар» локациясында көрермендерсіз өтеді. Барлық командалар Алматыда орналасатын болғандықтан, олар жолға уақыт жоғалтпайды, сол себепті біздер көп ойындар өткізіп, Чемпионатты осы жылы аяқтауға тырысамыз. Пандемия біздің жоспарларды өзгертуі мүмкін, бірақ біздер Чемпионатқа қатысатын барлық клубтар санитарлық Протоколдың барлық талаптарын қатаң сақтайтынына сенімдіміз. 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5752 )