РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар«Қайрат», «Қайсар» және «Астана» командаларының Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

31 Тамыз 2020, 17:50

Бүгін швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті.

Жеребе тастау қорытындысы бойынша алматылық «Қайрат» сырт алаңда «Маккаби Хайфа» (Израиль) – «Железничар» (Босния и Герцеговина) жұбының жеңімпазымен ойнайды, ал қызылордалық «Қайсар» өз алаңында кипрлік АПОЕЛ командасын қабылдайды.

Сонымен қатар «Астана» клубының қарсыласы болып черногоиялық «Будучност» командасы атанды. Аталған кездесу Қазақстанда өтеді.

Турнирдің екінші кезеңінде жеңімпаздар бір ойын нәтижесімен анықталады. Кездесулер жанкүйерлерсіз өтеді.

Барлық ойындар 17 қыркүйекте жоспарланған. Ережеге сәйкес егер ойынның негізгі уақытында жеңімпаз анықталмаса, қосымша таймдар және пенальти сериясын өткізу қарастырылған.  

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5751 )