РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • Бiрiншi лига
  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚКФЛ және отандық футбол клубтары Әділбек Жақсыбековті меншікті мерекесімен құттықтайды!

26 Шілде 2020, 09:52

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы және отандық футбол клубтары Қазақстан футбол Федерациясының Президенті Әділбек Жақсыбековті меншікті мерекесімен құттықтайды!

Әділбек Рыскелдіұлының басқаруымен Қазақстан футбол Федерециясы алға қойған мақсаттарын орындап келеді. Федерацияның қозғаушы күші болып табылатын «Алға, Qazaqstan! Вперед, футбол!» қабылданған старатегиясынан бөлек, мекеме Президенті ФИФА және УЕФА халықаралық жобаларына ат салысып, қатысуда.      

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Ә. Жақсыбековтің бастамасы мен қолдауы арқасында құрылған болатын. ҚКФЛ-ның Еуропалық кәсіпқой футбол лигалар ассоциациясының (Еуропалық лигалар) қатарына кіруі отандық футболдың беделін арттырды.  

ҚКФЛ және қазақстандық футбол клубтары Ә. Жақсыбековті төл мерекесімен құттықтай отырып, көрсетіп келе жатқан қолдауы үшін алғыс білдіреді! Әділбек Рыскелдіұлына зор денсаулық, отбасына амандық және жаңа спорттық жетістіктер мен қазақ футболының беделін көтеретін барлық бастамаларына сәттілік тілейді!

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5724 )