РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарУЕФА «CORE» бағдарламасында қазақстандық реферилер

22 Сәуір 2011, 16:04

2011 жылдың тамызынан 2011 жылдың маусымына дейін УЕФА төрешілік комитеті CORE (Centre of Refereeing Excellence) жаңа бағдарламасын – УЕФА ұлттық ассоциацияларының жас та алғыр төрешілерін бақылауды мақсат тұтатын төрешілердің квалификациясын көтеру орталығы жұмыс істейді.

УЕФА төрешілік комитетінің бағамдауынша, аталмыш бағдарлама УЕФА барлық ассоциацияларының төрешілік стандарттарын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Курс 7 топтан құралған. Әр топты Европаның әр бөлігіндегі елдердің өкілдері мен тілдік ажырамалары бар адамдар құрайды. Бұл құрамға қатынасушылар мен мұғалімдердің бір-бірімен ағылшын тілінде түсінісіп, материал алмасуы үшін жасалынған.
Қазақстан №5 топқа енді, құрам 2011 жылдың 29-наурызынан 7-сәуір аралығында Ньоне қаласындағы УЕФА штаб-пәтерінің жанындағы «Коловрэ» спорт орталығында жасақталған. Топта Түркия, Чехия, Франция, Северная Ирландия, Болгария, Македония, Андорра секілді елдердің қатысушылары бар. Қазақстаннан төреші – Дмитрий Быстров (Сарань), төреші көмекшілері – Әлібек Әубәкіров (Астана), Сергей Васютин (Алматы) барды. Курс жетекшілері қатарында Яап Юленберг (Голландия) және Дэвид Роланд Эллерей (Англия), инструктор Алан Снуди (Англия), төрешілерге арналған тренерлер - Терье Хауге (Норвегия), Христос Скапуллис (Кипр), Шарль Агиус (Мальта), Славомир Стемпниевски (Польша) бар. Төрешілер ассистенттеріне арналған тренерлер: Йенс Ларсен (Дания) және Мариуш Михаил Бедено (Румыния), сондай-ақ топпен жұмыс істеген 4 фитнесс–тренер: Нильс де Врис (Голландия), Жан–Мишель Прат (Франция), Барт Жилис (Бельгия) және Жан Ромэн (Люксембург).

Төрешілер күг сайын УЕФА тәжірибелі фитнес-тренерлердің қарамағында жаттығуға мүмкіндік алды, әрбір қатынасушының жүрек ритмі POLAR RS 400 инфрақызыл сәулелі аппараттың көмегімен әр түрлі физикалық күш түскендегі жағдайлары тексеріліп отырды.
8 бас төреші және 16 төреші көмекшісі арнайы жаттығулар жасады (бас төрешілерге ассистенттерден бөлек).
Ойын жағдайлары имитациясына, оларды фидеокамераға жазып алып, ары қарай кешкі жиылыстарда талдауға аса мән берілді. Футбол ойындары ережелеріне арналған видеотесттерден біздің төрешілер бригадасы аса жоғары ұпай жинады. Сол секілді ағылшын тіліндегі ойынға дейін, ойын кезінде және ойыннан соң тәртіп санкцияларын қолдануға және талдауға байланысты бағдарламаланған сауалнамалар бойынша да жоғары ұпай жинақтады.
8 қатынасушы бригада Франция (2, 3 Лига) мен Швейцария (2, 3 Лига) ұлттық Чемпионаттарының арнайы матчтарына анықталды.
Біздің бригада 2011 жылдың 3 сәуірінде Францияда өткен матчқа қызмет көрсетіп, инспектор мен матч делегатының және Франция футбол федерациясы арнайы қызметінің тарапынан үлкен ескерту алмады. Ертесіне курс басшылығы мен төрешілер бапкерлері әрбір матчқа 15-20 минуттан талқылау жасады. Басқа елден келген жолдастардың анық қателіктері болды, төрешілік қызметке қызық та үйренетін жағдайлар да орын алды. Қазақстандық бригаданың жұмысын талқылауға 10 минут жеткілікті болды, Славомир Стемпниевский мен Мариуш Михаил Беденоның өздері практикалық төрешіліктің, төрешілік әдістемесінің жақсы сапада болғанын айтып өтті.
Өткен матчтарды қорытындылай келе, ойын видеожазбаларын көре отырып, бұрын атақты рефери, қазір ФИФА инструкторы Терье Хауге қазақстандық төрешілер бригадасына жоғары баға беріп, құрам қатынасушыларының алдында курстың ең үздіктерінің бірі деп атады және бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды. Дэвид Роланд Эллерейдің сөздерінен қазақстандық бригаданың квалификациялық деңгейіне таңданып, болашақта да оны осы курстардан көргісі келетіні түсінікті болды. Осындай жылы тілектерден соң, және дұрыс шешімдер қабылданған қиын ойындардан соң, өзге елдерден келген мамандар бізге деген, жалпы біздің футболға деген пікірлерін өзгертті. Курс басталмай тұрғанда олардың көпшілігі біздің мамандардың деңгейі Андорра мен Македония мамандарымен деңгейлес деп ойлаған болатын.
5 сәуірде құрам қатынасушылары бірігіп, тікелей эфирден УЕФА Чемптгдар Лигасының 1/4 финалы «Интер» – «Шальке» арасындағы 5 – 2 есебімен неміс клубының пайдасына шешілген матчты тамашалады. Әрбір қатынасушы ел ойындағы төрешінің қызметін, жақсы жақтарымен қатар жетіспей жатқан тұстарын да жазып отыруға міндетті болды. Бірақ құрамның ең қызық тұсы келесі 6 сәуірдің таңында «Интер» – «Шальке» матчының бас төрешісі Мартин Аткинсон Англиядан ұшып келіп, «төрешілер бригадасының жұмысы мен кооперациясы» жөнінде дәріс өткізіп, жарты сағат бойы құрам қатынасушыларының сұрақтарына жауап бергені болды.


Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 572 )