РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚКФЛ кезекті бейнеконференциясы өтті

15 Шілде 2020, 16:56

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы отандық клубтардың басшыларымен бейнеконференция өткізді.

Жиынның басты тақырыбы – OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының, Бірінші және Екінші лигалардың және Қазақстан Республикасының Кубогының ойындарын өткізу.

Клубтарға елде орын алған эпидемиологиялық жағдайға байланысты жасалған арнайы жоспар ұсынылды. Аталған шаралар қәзіргі уақыттағы карантин барысында және ойындар кезінде коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу Протоколын қатаңдату шарттарымен ойластырылған.   

Клуб басшыларына OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының бірнеше турын бір қалада өткізуге ұсыныс жасалды. Чемпионатты жалғастыруға арнайы Комиссиямен қарастырылған бір вариант – ол Алматы және Талғар қалаларындағы тексеруден өткен 4 стадионды пайдалану. Орталық және «Жас Қыран» стадиондарына жарысты өткізуге рұқсат берілгені белгілі. Ал Т. Сегізбаев атындағы аренада және Ұлттық құрамалар Базасында бірқатар кемшіліктер бар. Егер аталған кемшіліктер жойылса бұл стадиондарға OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының кездесулерін өткізуге рұқсат берілуі мүмкін.  

Бірінші лига командалары арасындағы Біріншілікті екі конференцияға бөліп, тек қана бір айналым өткізу ұсынылды. Бұл лиганың кездесулерін де бір локацияда өткізу жоспарлануда, аталған орын кейін белгілі болады.

Екінші лига командалары арасындағы Біріншілікке қатысты Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) тарапына мемлекеттік органдардан елде орын алған жағдайға байланысты кәмелетке толмаған ойыншылардың қатысуымен өтетін барлық жарыстардан бас тартуға ұсыныс жасалды. Бірақ ҚФФ және ҚКФЛ бұл турнирді эпидемиологиялық жағдайдың орнығуымен шектелген уақыт ішінде өткізу жолдарын ойластырып отыр. Қазіргі уақытта аталған турнирді өткізбеуге нақты шешім қабылданбағаны анық.

Қазақстан Кубогын өткізу жолдары OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты жалғасқаннан кейін қарастырылады.

Аталған жоспарлар Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт және Денсаулық сақтау министрліктерімен міндетті түрде келісіледі. Барлық жарыстар коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу Мемлекеттік комиссияның рұқсатымен ғана өткізіледі.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5719 )