РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар«Жетісу» және «Қайраттың» негізгі стадиондары маусымды жалғастыруға рұқсат алды, «Жетісу» стадионының қосалқы алаңына қайта ықпалшаралар салынды

15 Маусым 2020, 13:39

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы футбол маусымын жалғастыру мақсатында стадиондарды тексеруді жалғастыруда.

Өткен аптада «Жетісу» және «Қайрат» футбол клубтарының стадиондары тексерістен өтті.

Талдықорған атынан кәсіби жарыстарға 3 команда қатысады. Қаланың басты аренасы «Жетісудің» жағдайы жақсы. Жасанды төсеніштің сапасы жоғары. Стадион инфрақұрылымы COVID-19 вирусының таралуының алдын алу Протоколына сай ойындарды өткізу талаптары орындауға дайын. Стадион ресми кездесулерді өткізуге рұқсат алды.     

Өкінішке орай, «Жетісу» стадионында қосалқы алаңның жасанды төсенішінің мәселесі әлі күнге дейін шешілмеді. Лабораториялық зерттеу және алаңды тексеру қорытындысы бойынша берілген баға бұрын өткізілген жаңарту жұмыстары мәселені мүлдем шешпегенін көрсетті, яғни зерттеу көрсеткіштері нормаға сай емес. Алаңдарды тексеру Комиссиясы бұл төсеніште ҚКФЛ аясында өтетін барлық ресми ойындарды өткізуге тыйым салды. Стадион басшылығына төсенішті толықтай алмастыруға кеңес берілді.  

Алматы қаласындағы «Орталық» стадионына тексеріс қорытындысы бойынша ескерту берілмеді. Төсеніш сапасы өте жоғары сапада, арена футбол маусымын жалғастыруға дайын екені белгілі болды. Стадион басшылығы COVID-19 вирусының таралуының алдын алу Протоколына сай ауқымды жұмыс атқарды. Бұл стадион ресми ойындарды өткізуге рұқсат алды.

ҚКФЛ басшысы Олжас Абраев Қазақстанда футбол маусымын жалғастыру алдында жасалып жатқан тексеріс нәтижелері туралы өз пікірін білдірді:

- ҚКФЛ әкімшілігі футбол клубтарымен бірігіп, маусымды жалғастыруға дайындалып жатыр. Коронавирустың таралуына байланысты орын алған жағдай отандық стадиондарға жаңа талаптар қоюға мәжбүрлейді. Осыған байланысты жарысты жалғастырмас бұрын инфрақұрылымды тексеріп, ареналарды санитарлық талаптарға сай тексеру қажет. Сонымен қатар төсеніштер сапасын қадағалау жөн.

Алматы қаласы футбол алаңын күтініп, жоғары деңгейде ұстау жағынан ұзақ уақыт ішінде жоғары нәтиже көрсетуде. Осы жылы төсеніш толықтай жаңартылды. Бірақ, бұрыңғы төсеніш те ешқандай наразылық туындатпаған еді. Ал жаңа төсеніш Орталық Азияның және ТМД стадиондарына бәсеке болатыны сөзсіз. «Орталық» стадионның төсеніші бүгінгі күні отандық стадиондарға үлгі болуы тиіс. Сонымен қатар стадион санитарлық Протоколға сай. Арена әкімшілігі аталған талаптарға қатысты жақсы жұмыс жасаған.    

Талдықорғандағы стадиондарға қатысты айта кететінім: жасанды төсеніш табиғи төсеніштен кем емес күтінуді талап етеді. «Жетісудің» басты аренасы жақсы сапада, стадион ойындарды өткізуге рұқсат алды. Өкінішке орай,  қосалқы алаңның жағдайы төмен. Келесі жылдың көктем мезгілінде «Жетісу» футбол клубының барлық командалары өз алаңындағы ойындарды Талдықорғанда өткізгісі келсе, қосалқы алаңның төсенішін толықтай алмастыру қажет.   

Оңтүстік Қазақстан командалары өз ареналарында табиғи төсенішті сақтайтыны қуантады. Талдықорған және Алматы стадиондарында табиғи төсенішті жақсы сапада сақтап отыратын мамандарға алғысым шексіз.

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5702 )