РУС ҚАЗ
Бiрiншi лига
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚФФ атқарушы комитетінің «Тарлан» футбол клубы жайлы шешімі

20 Сәуір 2011, 20:18

ҚФФ атқарушы комитетінің шешімін ҚФФ Вице-президенті Сейілда Байшақов түсіндірді:


«2011 жылдың маусымында бірінші лига клубтары арасындағы Біріншілікке қатынасу құқығын спорт шарттары бойынша «Тарлан» Футбол клубы» ЖШС жеңіп алған болатын. Дегенмен, 2011 жылдың «24» қаңтарындағы ОҚО әкімінің бұйрығымен бірінші лига клубтары арасындағы Біріншілікке қатынасатын «Тарлан» футбол клубы» ГККП құрылады.
«Тарлан» футбол клубы» ЖШС өтінішін қарастыра келіп, футбол клубтарын сертификациялау жөніндегі ҚФФ комиссиясы өтініш иесіне ҚФФ жарыстарына қатынасуға мүмкіндік беретін сертификат беруден спорттық, қаржылық, кадрлық және әкімшілік, құқықтық және инфрақұрылымдық критерийлер бойынша талаптарды толық орындамағаны үшін бас тартты. Яғни, іс жүзінде қандай да бір сорттық қызмет іске аспаған.
Сосын ҚР Кубогы сайыстарына дейінгі қалған уақыттың аздығын ескерер болсақ, ҚФФ атқарушы комитеті НФЛ таныстыруымен «Тарлан» футбол клубы» ГККП ОҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығының ұсынысы бар және керекті критерийлерге жауап беретін клуб ретінде бірінші лига клубтарының арасындағы Біріншіліктің қатысушысы ретінде бекітті.
ҚР Кубогы сайыстарын 2011 жылдың «13» сәуірінен басап, «Тарлан» футбол клубы» ГККП «Лашын» футбол клубын артқа тастап, Кубок 1/8 финалына жолдама алды.
Дегенмен, 2011 жылдың «15» сәуіріндегі футбол клубтарын сертификациялау ҚФФ комиссиясының шешімімен, «Тарлан» футбол клубы» ГККП берілген талаптарды белгілі дәрежеде орындамағаны (кемінде бір жыл бойы құқықтық орын болмағаны) үшін сертификат берілмейді.
Сөйтіп, берілген барлық құжаттарды зерделей келіп, ҚФФ атқарушы комитеті ҚФФ шартты мақсаттарының іске асуын көздей отырып, яғни аудандарда футболды жандандыру, балалар-жасөспірімдер футболын дамыту, жарыстардың толыққандылығын сақтау (ҚР Кубогы), клубар мен ойыншылар еңбек қарым-қатынастарының тұрақтандыру мақсатымен, «Тарлан» футбол клубы» ГККП 2011 маусымында бірінші лига клубтарының арасындағы Біріншіліктің қатынасушысы деп танылған шешім шығарылды».

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 570 )