РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚазақстанның кәсіпқой футбол лигасының мүшелерінің қатысуымен бейнеконференция өтті

29 Сәуір 2020, 20:21

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы отандық футбол клубтарының жетекшілерінің қатысуымен бейнеконференция ұйымдастырды.

Футбол клубтарының өкілдерімен онлайн режимде диалог құрған Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Олжас Абраев.

Мұның алдында Қазақстан футбол федерациясының жетекшілігі еліміздегі футбол маусымын қайта жалғастыру кезеңдерінң мақсаттары мен басым бағыттарын айқындады. Денсаулық саласының органдарының кеңесін ескере отырып, футболшылар, бапкерлер және клуб қызметкерлерінің денсаулығына қатер төндірмеуі қажет екені айтылды.

Күн тәртібінде маусымды қайта жалғастыру, оның ішінде OLIMPBET – футболдан Қазақстан Чемпионатын, Бірінші және Екінші лига командалары арасында ҚР Біріншіліктерін, Қазақстан Кубогын өткізу кестесі қаралды.

Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының жетекшілері кәсіпқой футболдың жаттығу және ойын алаңдарына қайта оралу бойынша дағдарысқа қарсы шаралардың жиынтығын әзірлеп жатыр. Мемлекеттік комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда, сонымен қатар төтенше жағдайға қарсы күрестің аймақтық шұғыл штабтарының кеңесімен далада жаттығу процесін қайта жалғастыру жоспарланып отыр.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы қараша айына дейін белгіленгенмерзімде турнирді аяқтау үшін OLIMPBET – футболдан Қазақстан Чемпионатының матчтарының санын қысқартуды ұсынды. 1 және 2  тур ойындары аяқталып, алға жылжытылған кейбір ойындарды ескере отырып, екі айналымның матчтары ойналуы жөнінде ұсыныс айтылды. Эпидемиологиялық жағдай тұрақталған жағдайда осындай кесте арқылы маусым айында ел чемпионатының ойындарын жанкүйерсіз бастау мүмкін болмақ. Күнтізбеден үшінші айналымның ойындары алынып тасталады. Жарысты өткізу күндері жаңартылады. Кездесулерді өткізу тәртібі сол күйінде қала бермек.

Сонымен қатар, маусым айында Бірінші лиганың ойындарын бастау да жоспарланып отыр. Турнир екі айналымнан тұрмақ. Футбол клубтары бір аптада екі ойын, кейінгі аптада бір ойын өткізеді. Әр екі аптада үш ойыннан келеді. Осы кесте арқылы қатысушылар жарысты белгіленген уақытта, яғни қазан айында аяқтай алады.

Жаңа маусымда Екінші лиганың турниріне 22 команда қатыспақ. Лига біріншілікті екі конференцияға бөлу жөнінде ұсыныс тастады. «Оңтүстік - Батыс» және «Солтүстік - Шығыс». Әр конференцияда 11 команда болады. Екі ойыннан қатар өткізу нұсқасы қарастырылып отыр. Бұл арқылы турнирді 22 қыркүйекте аяқтауға болады. Бірінші лигаға өту құқығын конференция жеңімпаздары иеленеді.

Ойындардың көптігіне байланысты Қазақстан кубогына тек ел чемпионатының өкілдері қатысуы ықтимал. Әр кезеңде жеңімпаз бір ойыннан анықталмақ. Жартылай финалдың тағдыры да бір матчта шешіледі. Еурокубок маусымына қатысатын қазақстандық төрт клубқа ауыртпалық түсірмеу үшін олар Қазақстан Кубогын ширек финалдан бастауы мүмкін. «Астана», «Қайрат», «Ордабасы», «Қайсар» футбол клубтары УЕФА Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасына қатысады. Финал 21 қарашада өтеді.

Жиында инфрақұрылымға бас назар аударылып, инфрақұрылым бойынша регламентті қатайту жөнінде айтылды. Турнир кестесінен ұпай алу туралы айыппұл салу да қарастырылмақ. Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының жетекшілері бұл сұрақты спорт саласындағы заң қызметкерлерімен ақылдаса отырып, шешім қабылдамақ.

 

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5694 )