РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚКФЛ қазақстандық клуб жетекшілерімен онлайн-конференция өткізді

18 Наурыз 2020, 13:01

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының әкімшілігі COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты отандық футбол клубтарының жетекшілерімен онлайн-конференция ұйымдастырды.

Қазақстанда 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында төтенше жағдай енгізіліп, еліміздегі футбол ойындарының барлығы кейінге шегерілгені туралы осы уақытқа дейін хабарланған болатын.

Интернет кездесудің басында ҚКФЛ жетекшісі Олжас Абраев қатысушыларға УЕФА конференциясында қабылданған шешімдер мен еуропалық ұлттық чемпионаттарында қолданылған жағдайлар туралы баяндады.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы онлайн басқосуға қатысушыларға OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты, Бірінші лига, Екінші лига және Қазақстан Кубогына қатысты маусымды әрі қарай жалғастыру жолында әртүрлі форматтарды ұсынды.

Сонымен қатар, футболшылардың, бапкерлердің және қызметкерлердің денсаулығын сақтау мақсатында жаттығу процесін тоқтатуға кеңес берілді. Елімізде эпидемиологиялық жағдай жақсарып, коронавирус пандемиясы тоқтағаннан кейін футбол клубтарына кем дегенде екі апта дайындық жүргізуге уақыт беріледі.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5690 )