ЖаңалықтарҚазақстан Кубогы кейінге қалдырылды
13 Наурыз 2020, 14:48

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2020 жылғы маусымдағы Қазақстан Кубогының ойындары іріктеу кезеңінің форматының өзгеруімен байланысты кейінге қалдырылғанын хабарлайды.
COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Қазақстан Кубогының іріктеу кезеңінің форматы қайта қарастырылмақ. Қазіргі таңда Қазақстан футбол федерациясымен кеңес жүргізіліп жатыр.
Ел кубогының іріктеу кезеңінің мерзімі мен жаңа форматы туралы кейін хабарлаймыз.