РУС ҚАЗ
Суперкубок
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарСтойчо Младенов: «Біздің футболшылар намысты қолдан бермейтіні анық»

28 Ақпан 2020, 11:14

«Қайсар» футбол клубының бас бапкері Стойчо Младенов Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметіне берген сұхбатында Суперкубок ойынында жеңіске жетудің жолдарына тоқталды:

- Жаңа маусымға дайындық қалай өтті?  
– Түркияда екі оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Жаттықтырушылар штабының ұстанған нақты жоспары болды. Ең алдымен футболшылардың физикалық дайындығын бағаладық. Екінші оқу-жаттығу жиынында ойын үлгісін құруды қолға алдық. Сол себепті жаттығулардың саны арта түсті. Жақсы селекция жүргізіп, әлсіз позицияларды жаптық.
 
– Қазақстан Суперкубогы қарсаңында команданың дайындығын қалай бағалайсыз?
– Біздің клуб алғаш рет Қазақстан Суперкубогында ойнағалы тұр. Үлкен жауапкершілік. Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында және Қызылордада алдағы маусымға мұқият дайындық жүргіздік. «Қайсар» командасының қатарын тәжірибелі және жас футболшылар толықтырды. Олардың барлығы ойынға тас-түйін дайын.
 
– Тигран Барсегян мен Куле Мбомбо өткен маусымда «Қайсардың» үздік сұрмергендері атанды. Нәтижелі ойыншылардың командада қалмауы қаншалықты әсер етеді?
– Қос ойыншы да біздің команданың көшбасшысы болған. Біреулер кетеді, біреулер келеді. Қысқы трансфер кезеңінде жақсы селекия жүргізгенімізді қайталап айтамын.
 
– Команданың қазіргі құрамына көңіліңіз толады ма? «Қайсардың» жаңа ойнышылары туралы не айтасыз?.
– Иә, бірқатар футболшылар қосылды. «Қайсардың» шабуылын грузиялық Элгуджа Лобжанидзе, хорват Иван Пешич және Мозамбик құрамасының ойыншысы Артур Режиналдо күшейте түспек. Сонымен қатар, голландиялық «Фейеноорд» командасының түлегі Алвин Фортес бар. Қорғаныстың іргесін Елдос Ахметов, Қуаныш Қалмұратов, Бағдат Қайыров, Алексей Шумских және Ризван Аблитаров қалайды. Олар енді үш бағытта ойнайды: Премьер-лига, Қазақстан Кубогы және Еуропа лигасы.
 
– «Қайсар» жанкүйерлері Суперкубок ойынынан не күтеді?  
–  Бұл ойынның маңыздылығы футболшыларға ғана емес, жанкүйерлер үшін де орасан. Әр жанкүйердің қолдауы маңызды және олардың үмітін ақтауға ұмтыламыз. Біздің команда әрқашан шабуылға баса назар аударады. Қорғанысты ұмытпай, қарсыластың қақпасын дәл көздеу біздің мақсатымыз.
 
– «Астана» командасының қысқы оқу-жаттығу жиындары мен жолдастық кездесулерін бақылап шықтыңыз ба?
– Жаттықтырушылар штабы елордалық ұжымның әр ойынын қарады. Тәжірибелі бапкер Михал Билек жетекшілік ететін команда қысқы маусымда жақсы жасақталды.
– Суперкубок ойынында «Қайсардың» жеңіске жету мүмкіндігі қандай?
– Суперкубок – өте маңызды ойын. «Астана» - мықты қарсылас. Оның құрамында жақсы футболшылар бар. Комбинациялық ойын мен ұжымшылдықтың арқасында оң нәтижеге қол жеткізуге болады. Біздің футболшылар намысты қолдан бермейтіні анық. 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5663 )