РУС ҚАЗ
Суперкубок
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарМихал Билек: «Команданың әр ойында жеңіске жете алатын әлеуеті бар»

28 Ақпан 2020, 11:00

 «Астана» футбол клубының жаңа бас бапкері Михал Билек Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметіне берген сұхбатында өз командасының Суперкубок ойынына дайындығы жөнінде әңгімелеп берді:

 
- Жаңа маусымға команданың дайындығы қалай өтті?
- Португалия және Түркия елдерінде оқу-жаттығу жиындарын өткіздік. Біз үшін әр ойыншының мүмкіндігімен танысу және оларды алдағы маусымға дайындау маңызды болды. Кейбір футболшының бұлшық ет жарақаттары болғанына қарамастан, алға қойған жоспардың барлығын орындадық.
 
- Суперкубок қарсаңында ойыншылардың хал-жағдайы қалай?
- Әрине, 29 ақпан күні өтетін маусымашар ойынға команда жүз пайыз дайындықпен келеді деп асығыс айтуға болмайды. Алайда, команданың әр ойында жеңіске жете алатын әлеуетін көремін.
 
- Команданың жасақталуына көңіліңіз тола ма? «Астананың» жаңа ойыншылары туралы бірер сөз айтып өтсеңіз...
- Әлемде команданың жағдайына жүз пайыз көңілі толатын бірде-бір бапкер жоқ деп ойлаймын. Өйткені, әрқашан өсіп отыру қажет. «Астананың» қатарына жоғары міндеттерді шеше алатын мықты футболшылар жиналған. Жаңадан келген ойыншыларға тоқтала кетсек, Барсегян – өте мықты футболшы. Оқу-жаттығу жиынында команданың шабуылдағы қимылдарын күшейте алатынын көрсетті. Макс Эбонг – жас футболшы. Жасыл алаңда жылдам қимылдайды. Олардың «Астананың» қатарына қосылғанына қуаныштымын. Жаңа маусымда ойыншылар бізге көмектеседі деп ойлаймын.
 
- «Астана» жанкүйерлері жаңа маусымнан не күтеді? Команданың ойын үлгісі қатты өзгереді ме?
- Футболшылардың бірнеше тактикалық жүйе бойынша ойнағанын қалаймын. Оқу-жаттығу жиынында ойын үлгісінің бірнеше нұсқасын таңдадық. Футболшылардың әр тактикалық құрылымның талабын жақсы түсінгені мен үшін маңызды.
 
- «Қайсардың» оқу-жаттығу жиыны мен жолдастық ойындарын қадағаладыңыз ба?
- Ең алдымен өзіміздің ойынды түзеуіміз қажет. Дайындық кезеңінде қарсыластың ойындарын қарап, ойын үлгілерін зерделейміз. Бірақ, ең бастысы өз командамыздың жағдайы.
 
- Суперкубок ойынында «Астана» қай жағынан «Қайсарды» қапы қалдырып, жеңіске жете алады?
- Футболшылар өздерінің жоғары деңгейін көрсетіп, бапкерлер күткен футболды ойнауы қажет. Сол кезде жеңіске жете аламыз. Бір қарағанда футбол спорттың қиын түрі. Ал, екінші жағынан өте қарапайым. Аз қателескен команда жеңіске жетеді. «Қайсар» – тәжірибелі бапкерден тәлім алатын салмақты қарсылас. Оңай ойын болмайтыны анық. Алайда, өз ойынымызды көрсетіп, жеңіске жетуге мүмкіндігіміз бар. 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5662 )