ЖаңалықтарҚазақстан Кубогының алдын-ала іріктеу кезеңінің жеребесі
24 Ақпан 2020, 10:47

Бүгін Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2020 жылғы маусымдағы ел кубогының алдын-ала іріктеу кезеңінің жеребесін тартады.
Онлайн-трансляция ПФЛК-ТВ жобасында елорда уақытымен 14:00-де басталады.
Қазақстан Кубогының алғашқы іріктеу кезеңіне Бірінші және Екінші лиганың клубтары қатысады: «Оңтүстік академиясы», «Ақжайық», «Ақтөбе», «Алтай», «Арыс», «Атырау», «Қыран», «Мақтарал», ОБЖСОРМ №8, «Екібастұз», «Игілік», «Ақсу», «Рузаевка», «Темірлан», сонымен қатар әуесқой команда - Дидар Сыдықбек ФО;
Жеребе қорытындысы бойынша 15 команда төрт топқа бөлінеді. Келесі кезеңге әр топтан бір жеңімпаз шығады. Олар Ел Кубогының 1/8 финалына өтеді.
Қазақстан Кубогының алдын-ала іріктеу кезеңінің ойындары Шымкент қаласындағы «БИІК» спорт кешенінде 16-26 наурыз аралығында өтеді.
Тағы жаңалықтар
-
Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының XI туры Сергей Гороховодацкийді еске алуға арналады
-
ҚКФЛ OLIMPBET-Чемпионаты және UBET-Біріншілігі клубтары үшін семинар өткізді
-
OLIMPBET-Чемпионатының 13 және 14 турларында «Каспий» ФК мен «Астана» ФК арасындағы ойындарды өткізу тәртібі өзгерді
-
Виктор Грабко - Екінші лиганың Оңтүстік-Батыс конференциясының сәуір айындағы үздік ойыншысы