РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарПремьер-лига командаларының маусымға дайындығы

24 Қаңтар 2020, 18:44
«Астана»
 
Португалияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Астана» екі ойыншыны таныстырды. Олардың бірі өткен маусымда қызылордалық «Қайсар» қатарында ойнаған Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян. Екінші ойыншы 20 жастағы Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы Макс Эбонг. 
 
 
«Қайрат»
 
«Қайрат» екінші оқу-жаттығу жиынын Түркияда бастады. Алматылықтардың қатарын 2018 жылы Әлем Чемпионатында ойнаған Польша құрамасының жартылай қорғаушысы Яцек Гуральски толықтырды. 
 
  
«Ордабасы»
 
«Ордабасы» футболшылары да Түркияның Анталия қаласында жиналды. Бельгиялық жартылай қорғаушы Зиги Бадибанга мен бразилиялық шабуылшы Жоао Паулоның команда да қалатыны белгілі болды. 
 
 
«Тобыл»
 
Біріккен Араб Әмірлігінде жаңа маусымға дайындықты бастаған «Тобыл» екі ойыншымен келісімшартқа отырды. «Астананың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков пен Болгарияның «Локомотив» командасында ойнаған нигериялық қорғаушы Стивен Эзе. 
 
 
 
«Жетісу»
 
Түркияда дайындалып жатқан «Жетісу» екі бақылау ойынын өткізді. Косоволық «Балкани» командасымен есеп аша алмай тарқасып, әзірбайжандық «Қарабахтан» ұтылды - 0:1.
 
 
«Қайсар»
 
«Қайсар» алғашқы оқу-жаттығу жиынынан оралды. Стойчо Младенов шәкірттері екі жолдастық матч өткізді. «Дала қасқырлары» екі ойында да жеңіліп қалды - «Сабах» (1:3) және «Локомотив Пловдив» (0:1).
 
 
 
«Оқжетпес»
 
Көкшетаулық команда алғашқы оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Соңғы ойында Ресейдің «Балтика» командасымен жолығып, 1:2 есебімен ұтылды. Жалғыз голды соққан Алтынбек Сапаров. 
 
 
«Ertis»
 
Түркияның Белек қаласында бас қосқан павлодарлық «Ertis» ойыншылары үш ойын өткізді:
«Ertis» - «Ахал» (Түркіменстан) - 3:1 (Артем Попов, Тимур Байжанов, Дмитрием Мандриченко)
«Ertis» - «Динамо Мәскеу» (Ресей) - 0:5
«Ertis» - «Олимп» (Ресей) - 3:1 (Карлос Фонсека, Пабло Подио, Тимур Байжанов)
 
 
 
«Шахтер»
 
Қарағандылық «Шахтер» командасының оқу-жаттығу жиынындағы ойындарының нәтижелері:
«Шахтер» - «Хебар-1918» (Болгария) - 4:3 (Сергей Зенев - 2, Жан-Әли Пайруз - 2)
«Шахтер» - «Астра» (Румыния) - 0:1 
«Шахтер» - «Вождовац» (Сербия) - 1:1 (Павел Кривенцев)
 
Сонымен қатар, кеншілер ресейлік қақпашы Давид Юрченко, қорғаушылар Абдел Ламанж және Гидеон Баамен жаңа келісімшартқа отырып, жас футболшы Жан-Әли Пайруз келісімшартты ұзартты. 
 
 
 
«Тараз»
 
«Тараздың» қатарын толықтырған футболшылар: шабуылшы Братислав Пуношевац (Сербия), жартылай қорғаушылар Йован Чадженович (Черногория) және Овидиюс Вербицкас (Литва). 
 
 
 
 
«Қызыл-Жар СК»
 
Қызылжарлықтардың қатарынан Ельмар Нәбиев кетті. Ал, шабуылшы Момоду Сисей мен қорғаушы Бақдәулет Қожабаев жаттыуға кірісті. 
 
 
«Каспий»
 
Ақтаулық «Каспий» бір ойын ұтылып, бір кездесуді тең аяқтады. Оқу-жаттығу жиынында тағы үш матч жоспарланған. 
 

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5646 )