РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚКФЛ жетекшісінің ЕЭО елдерінің ойыншыларының мәртебесіне қатысты пікірі

29 Қараша 2019, 11:46
28 қараша күні Қазақстан Футбол федерациясының Атқарушы комитеті Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ойыншылары мен бапкерлерінің мәртебесіне қатысты жаңа шешім қабылдады. Шешім келесі футбол маусымынан бастап күшіне енеді. 
 
ҚКФЛ жетекшісі Олжас Абраев Атқарушы комитеттің қабылдаған шешіміне қатысты пікір білдірді: 
 
- Бұл мәселені соңғы айлар бойы мұқият зерттеп, өзге елдердің әріптестерімен өткен кездесулерде де ақылдастық. Қазақстан Футбол федерациясының Атқарушы комитеті осы сұрақ бойынша нақты ұсыныстарды дайындап, футбол клубтарымен келісімге келуді тапсырды. Лига 2020 жылғы футбол маусымында Премьер-лига мен Бірінші лиганың жарыс ережесіне Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ойыншыларына қатысты өзгерістер әзірледі. 
 
Әрі қарай өзгерістерді футбол клубтары қарастырды. Ең алдымен футбол клубтарының спорт директорлары бас қосса, кейін Лига мүшелерінің Ортақ жиынында қаралды. Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының Ортақ жиынында футбол клубтарының жетекшілері жарыс ережесіне енгізілген өзгерістерді бірауыздан қолдады. Әрі қарай ҚФФ Атқарушы комитеті 2020 жылғы маусымның жарыс ережелеріне енгзілген өзгерістерді мақұлдады. 
 
Реформаның негізі - жарыс ережесіне «легионер» түсінігі қайта оралуы. Қазақстан азаматтары немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің азаматтары саналмайтын кез келген футболшы «легионер» болады. Премьер-лига клубының тізімінде кем дегенде 12 қазақстандық футболдың тәрбиеленушісі және «легионерлердің» саны 8-ден аспауы қажет. Тізімдегі қалған 10 позицияны қазақстандық футболдың тәрбиеленушісі немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің кез келген футболшысы толтыра алады. Бұл клубтың ұстанымына байланысты. Ойындағы шектеуге қатысты бір ғана ереже бар: жасыл алаңда «легионерлердің» саны 6-дан аспауы тиіс. 
 
Бірінші лига клубтарының тізіміне де осыған ұқсас өзгерістер енгізілген: қазақстандық футболдың тәрбиеленушісіне берілген орын - 18, легионерлердің саны - 3. Қалған 9 орын - клубтың ұстанымына байланысты еркін тізім (ҚР азаматы немесе ЕЭО елдерінің азаматы).
 
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің футбол саласындағы өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Биылғы маусымнан бастап Қырғыз Республикасында  ЕЭО елдерінің ойыншыларына қатысты шектеулер алынған. Армения мен Беларусь елдері біздің футболшылар үшін мүмкіндіктерін зерттеуде, ал Ресей бұл мәселені қабылдауға жақын. Біздің үлгі арқылы көрші елдер де шешім қабылдап, қазақстандық футболшылар легионер болмайды деп үміттенеміз. 
 
Жаңа реформа елімізде футболды дамытуға септігін тигізеді деп сенеміз. Біздің футболшылар үшін футбол нарығы кеңейе түспек. Осыған ұқсас өзгерістер кезінде Еуропалық одақ елдерінде болған. Қазіргі таңда Еуропа футболын дамытуға ықпал ететін бірегей футбол нарығы қалыптасқан. Осы кезеңге дейін қазақстандық футболшы үшін нарық 30 қазақстандық командамен шектелді. Ал, енді ЕЭО елдерінің аймағында жүзге тарта футбол клубында ойнауға мүмкіндік бар. Қазақстандық клубтық футболдың деңгейі  мен қазақстандық футболшылардың шеберлігінің арттуына жаңа ереже оң серпіліс беруі тиіс,  - деді ҚКФЛ жетекшісі Олжас Абраев.
 
Анықтама: Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) - аймақтық экономикалық интеграциялық халықаралық ұйым. 
 
ЕЭО тауар, қызмет, капитал және жұмыс күшінің еркін айналымын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, экономика саласында келісілген және бірыңғай саясатты жүргізеді.  
 
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер: Қазақстан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы. 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5604 )