РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚКФЛ мүшелерінің ортақ жиыны өтті

26 Қараша 2019, 17:22

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының мүшелерінің ортақ жиыны өтті.

 
Шара алдында Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының жетекшісі Олжас Абраев пен Қазақстан Футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин сөз сөйлеп, ҚФФ Атқарушы комитетінің соңғы отырысында талқыланған тақырыптар туралы отандық клубтардың жетекшілерімен бөлісті. Солардың ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің футболшылары мен бапкерлерінің мәртебесі де көтерілді. 
 
Лига әкімшілігі клуб өкілдерін көрші елдердегі соңғы жаңалықтармен таныстырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің футбол лигаларының жетекшілерімен болған келіссөздердің нәтижелерін де айтып берді. Осы мәселеге қатысты жиында ҚФФ Атқарушы комитетіне ұсынылған ортақ позиция дайындалды. Қатысушылардың ұсынысы қорытынды шешімді қабылдаудың негізі болмақ. 
 
Сонымен қатар, күн тәртібінде ішкі чемпионатты өткізу мен ұйымдастыруға қатысты басқа да маңызды сұрақтарды қамтыды. Ортақ жиынның мүшелеріне 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Чемпионаты мен Бірінші лига клубтары арасында Біріншіліктің күнтізбелерінің жобалары ұсынылды. 
 
Ел чемпионатының 1 және 2 айналымының күнтізбесі мен жеребе тарту рәсіміне қатысты Лига бірқатар жаңашылдықтар енгізді. 2020 жылдың 15 қаңтарында өтетін келесі басқосуда жеребе тарту рәсімі жүргізіледі. Жеребе тарту рәсімін дәстүр бойынша ПФЛК-ТВ жобасы көрсетеді. 
 
Сонымен қатар, Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2020 жылғы Екінші лиганың өткізуде екі іріктеу форматын анықтады. Олар қатысушы командалардың санына байланысты болмақ. 
 
Елордалық «Астана» командасының бас директоры Михаил Гурман «2019 жылғы Премьер-лиганың ең үздік менеджері» атанды. 
 
«Үздік менеджер» - дауыс беру қорытындысы:
 
1. Михаил Гурман, «Астана» - 18 ұпай;
2-3. Бақтияр Байсейітов, «Ордабасы» - 12 ұпай;
2-3. Самат Смақов, «Ақтөбе» - 12 ұпай.
 
Жиын әрі қарай Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының жетекшісі Олжас Абраевтың жұмыс есебімен жалғасты. Ол футбол инфрақұрылымы тақырыбын сөз етіп, ойын өткізуге тыйым салынған стадиондар туралы ақпаратпен таныстырды. 
 
Күн тәртібіне өкілетті мерзімі аяқталуына байланысты Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті Олжас Абраев қайта сайлау мәселесі қойылды. 
 
Жалпы жиынға қатысушылардың барлығы (лига мүшелері - футбол клубтары) Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті қызметіне Олжас Абраев қайта сайлауға дауыс берді. 
 
Ортақ жиында қабылданған шешімдер Қазақстан Футбол федерациясының Атқарушы комитетінің отырысында қаралады. 
 
 
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5602 )