РУС ҚАЗ
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚФФ Вице-президенті АОФА өкілдерімен кездесті

11 Сәуір 2011, 20:16

Кездесудің мақсаты 2010 жылдың маусымындағы жұмыстың қортындысы мен облыстың футбол федерациясына (ассоциациясына) қатысты талаптарды талқылау. Аталмыш жиналысқа футбол бойынша мелекеттік жаттықтырушы Б.С. Жуасбаев, АОФА вице-президенті А.А. Никулин, жас-өспірімдер арасындағы футбол комитетінің төрағасы С.Т. Қасымжанов, инспекторлық комитеттің төрағасы А.Я. Петренко, төрешелік комитеттің төрағасы Д.С. Измаилов пен АОФА атқарукомитетінің мүшелері Н.С. Қожабергенов, Т. Ахметов пен К.К. Тұлақбаев қатысты.
2010 жылдың қортындысын А.А. Никулин , С.Т. Қасымжанов, Т.Ахметов баяндап, олар ұйымдастру мен «Coca- Cola - Былғары доп» сыйлығына жарыс бойынша аудандық құрама командалар арасындағы, спорттық мекетептер арасындағы, облыстық жарыстар жайлы айтты. Ассоцация алдында туындаған қолайсыз жағдайлар мен олардың шешімдері жайлы да ескере кетті. Сондай-ақ Алматы облысындағы футболдын қарқынды түрде дамып келе жатқандығы да сөз етілді. Бұл жөнінде облыстың жас-өспірімдер командасы мен «Жетісу» командасының тәрбиеленушілері ерекше аталынып өтті.
Одан кейінгі сөзді С.И. Байшақов алды. Ол облытық федерациялардың жұмысын дамытудағы, федерация атқарып жатқан жұмыстарды жақсарту барысында облыстық федерациялардың талаптары жайлы ҚФФ жұмысын айта келіп, аймақтардағы футболдың дамуына байланысты ақпараттарды мерзімінде алып отыратынында тілге тиек етті.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 559 )