РУС ҚАЗ
Екінші лига
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • UBET-Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарЕкінші лиганың қорытындысы

31 Қазан 2019, 18:38
31 қазан күні Екінші лига командалары арасында футболдан Қазақстан Республикасының 2019 жылғы маусымының 36-турының ойындары өтті. 
 
Биыл жарысқа 17 команда қатысып, әрқайсысы 32 ойыннан өткізді. 
 
Екінші лиганың жеңімпазы біріншіліктің аяқталуына үш тур қалғанда анықталды. Елордалық СДЮСШОР №8 турнирге алғаш рет қатысып, топ жарды. Олар 75 ұпай жинады. Доп айырмашылығы бойынша да ең жоғары көрсеткішке ие – «+46» (76-30).
 
Күміс жүлде турнирге алғаш рет қатысқан «Арыс» командасына бұйырды. Олардың қоржынында - 67 ұпай.
 
Қарағандылық «Шахтердың» жастары 64 ұпаймен үшінші орынды иеленді. Қарағандылық футболшылардың екінші жыл қатарынан Екінші лиганың қола жүлдесін жеңіп алды. 
 
Екінші лиганың ең үздік сұрмергені атағы Арсен Елемесов (СДЮСШОР №8) пен Матвей Герасимов («Шахтер М») бөлісті. Олар біріншілікте 17 голдан соқты. 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5564 )