РУС ҚАЗ
Қазақстан Кубогы
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарСтойчо Младенов: «Финалда ең бастысы команданың концентрациясы маңызды»

05 Қазан 2019, 11:14

«Қайсар» командасының бас бапкері Стойчо Младенов Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметіне берген сұхбатында Ел кубогының финалында жеңіске жетудің жолдарын айтып берді.

- «Қайсар» командасын өткен жылмен салыстырсақ, биыл ойынның қандай бөліктері күшейе түсті?

- Біздің команданың тәртібі күшейе түсті. Шабуыл ұйымдастыру шеберлігін де атап өткен жөн.

- Осы маусымда қатарға қосылған жаңа ойыншылар қандай рөл атқарады? Селекция жұмыстарына көңіліңіз тола ма?

- Бізге қажет позицияларды сапалы ойыншылармен күшейттік. Әсіресе, шабуыл шебінде ойнайтын жақсы футболшыларды алдық. Селекция жұмыстарына көңілім толады.

- Команданың финалға қалай шыққанын еске түсіріп кетсек. Ең қиын матч қайсысы?

- Турнирдің басынан бастап соңына дейінгі жол қиынға түсті. Алғашқы екі ойында негізгі ойыншыларды алмастырып, басқаларға мүмкіндік бердік. Әрі қарай «Тобылмен» өткен тартысты өте жинақы өткіздік. Ел кубогы арқылы еурокубок маусымына шығу міндетін орындауға болатынын жақсы түсіндік. Алғашқы ойында қарсыласқа есе жібердік. Алайда, екінші ойында қарымта қайтара алатынымызға сенімді болдым.

- Биылғы маусымда «Атыраумен» екі рет жолықтыңыздар. Әр команданың еншісінде бір жеңістен бар. Қарсыластың ойыны туралы не айта аласыз?

- «Атырау» командасын қарсылас ретінде құрметтеймін. Әр команданың әлсіз және мығым тұстары бар. «Қайсардың» финалда қарсыласынан басым түсуі үшін жұмыс жасаймыз.

- Қазақстан Кубогының шешуші ойынында қандай фактор жеңіске жетелейді?

- Финалда ең бастысы команданың концентрациясы маңызды. Шеберлігімізді мойындатып, гол салатын сәттерді жүзеге асырған жөн. Өйткені, финалда кез келген жағдайдың болуын жоққа шығармаймын.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5517 )