РУС ҚАЗ
Қазақстан Кубогы
x

Жарыстар орталығы

  • Қазақстан Кубогы
  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар Тигран Барсегян: «Қызылорда жанкүйерлері мені жылы қарсы алды»

03 Қазан 2019, 17:17
«Қайсар» командасының ең нәтижелі ойыншысы Тигран Барсегян Қазақстан Кубогы үшін «Атыраумен» өтетін ойын алдында Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметіне сұхбат берді:
 
- Қызылордада жергілікті жанкүйерлердің сүйікті ойыншысына айналдыңыз. «Қайсар» жанкүйерлері туралы не айтасыз?
- Қызылорда жанкүйерлері өте жақсы қолдау көрсетеді. Олар мені жылы қарсы алды. Сәтсіз ойындардан кейін де үнемі қолдап жүреді. Әр ойында жанкүйерлер үшін жасыл алаңға шығамыз. Ел кубогын ұтып алу үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Жанкүйерлерге қуаныш сыйлауға ұмтыламыз.
 
- Шешуші ойында команданы алға сүйреуге дайынсыз ба?
- Біздің команданың әр позициясында көшбасшы ойыншылар бар. Финалда жақсы ойын көрсеткен команда жеңіске жетеді. Кубокты жеңіп алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Жеңіске жеткім келеді.
 
- «Атырау» туралы не ойлайсыз? «Мұнайшылармен» өткен соңғы ойында хет-трик жасадыңыз. Қарсыластың мығым әрі осал тұстары белгілі шығар?
- Қарсыластың ойынына баға бермей-ақ қояйын. Финал бір ойыннан тұрады. Сол себепті екі команданың жағдайы тең. Жеңіске жету үшін кім көп жұмсайды? Сол команда кубокты көкке көтереді!

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5510 )