РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар«Астана» командасы Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шықты

16 Тамыз 2019, 01:50

Елордалық «Астана» футболшылары 2019/2020 жылғы УЕФА Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта ойынында мальталық «Валлетта» командасын тағы ұтып, турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Роман Муртазаев пен Марин Томасов қос голдан соғып, Қазақстан чемпионы ірі жеңіске жетті – 4:0.
 
Еуропа Лигасының топтық кезеңіне  шығу үшін «Астана» футболшылары Беларусь елінің БАТЭ командасымен сынға түседі. Алғашқы ойын 22 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Қарымта ойын 29 тамыз күні Борисовте ойналады.
 
УЕФА Еуропа Лигасы 2019/20, 3 іріктеу кезеңі, 2-матч
Валлетта (Мальта) – Астана (Қазақстан) - 0:4
Голдар:
Муртазаев 25, Томасов 37, Муртазаев 68, Томасов 89
Астана: Эрич (к), Шомко (Бейсебеков 80), Шимунович, Постников, Рукавина, Мужиков (Янга 76), Маевский, Сигурьонссон (Томашевич 68), Томасов, Муртазаев, Ротариу
16 тамыз. Та-Кали. Мальта ұлттық стадионы.

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5419 )