РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар Галина Полеваяны қолдау үшін қайырымдылық матчы өтті

24 Шілде 2019, 18:27
Нұр-Сұлтан қаласындағы Футбол үйінде қазақстандық спорт журналистикасының зергері Галина Полеваяны қолдау мақсатында қайырымыдылық матчы ұйымдастырылды.
 
Танымал спорт журналисі Галина Полевая ауыр науқасқа шалдыққан болатын. Оны қолдау үшін жасыл алаңға спорт журналистикасының майталмандары мен қазақстандық футбол ардагерлері алаңға шықты.
 
БАҚ жұлдыздарының құрамында тележүргізуші Айгүл Мүкей, спорт комментаторлары және дикторлары – Ержан Мұқаш, Сергей Райлян, Ермұхамед Мәулен, Ермек Төренияз, Александр Олейник, Ербол Қайыров, Мұратбек Биманов, Марлен Бейсебаев, спорт журналистері Нұрғазы Сасаев, Айдын Қожахмет, Ардақ Тоғымов, Дания Әбділова және басқалары болды. Сонымен қатар, Галина Полеваяның қызы, анасының журналистикадағы жолын жалғастырған Анастасия Вылегжанина қатысып, допты ойынға қосты.
 
Футбол ардагерлерінің құрамын ХХ ғасырдағы еліміздің ең үздік футболшысы Сейілда Байшақов, алматылық «Қайрат» футбол клубының аңыздары Құралбек Ордабаев, Юсуп Шадиев, Михаил Гурман, Александр Убыкин, Асқар Әбілдаев, «Астана» футбол клубы мен Қазақстан Ұлттық құрамасының экс-капитаны Қайрат Нұрдәулетов, Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы Рәзия Нүркенова, ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтқожин, ҚКФЛ президенті Олжас Абраев, қазақстандық футболдың ардагерлері Талғат Байсуфинов, Иван Азовский, Игорь Свечников, Қазақстан қыздар құрамасының жаттықтырушысы Орынбасар Дәуренбекова болды.
 
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының жетекшісі Олжас Абраевтың айтуынша, тағы бір спорт журналисі Диля Ибрагимова да қиын жағдайға тап болды. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ұжымы бір күндік жалақысын көмек ретінде аударатын болды.
 
Галина Полевпя және Диля Ибрагимоваға келесі реквизиттер бойынша көмек көрсетуге болады:
 
Галина Полевая
 Halyk bank (тг): 4390 8722 0191 7707
 Kaspi Gold (тг): 5169 4931 6910 9462
 Сбербанк ($): 5392 1500 0135 2044
 
Диля Ибрагимова
 Kaspi Gold (тг): 5169 4931 4601 7341
 
 
 
 

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5373 )