РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар Еуропа Лигасының үшінші айналымының жеребесі тартылды

22 Шілде 2019, 18:16
Жеребе тарту рәсімі Швейцарияның Ньон қаласында өтті. Оның қорытындысы қазақстандық клубтардың ықтимал қарсыластары анықталды. Ол үшін еурокубок додасында сынға түсіп жатқан отандық клубтар екінші айналымнан сүрінбей өтуі тиіс. 
 
Елордалық «Астана» екінші айналымда екі ойынның қорытындысы бойынша андорралық «Санта-Колома» командасын ұтса, үшінші кезеңде «Ференцварош» (Венгрия) – «Валлетта» (Мальта) жұбының жеңілген командасымен жолығады. 
 
Алматылық «Қайрат» футболшылары израильдік «Хапоэль Беэр-Шева» командасынан басым түсіп жатса, онда үшінші айналымда «Норрчепинг» (Швеция) – «Лиепая» (Латвия) жұбының жеңімпазымен плей-офф жолдамасына таласады. 
 
Шымкенттік «Ордабасы» ең алдымен Чехияның «Млада Болеслав» командасынан айласын асыруы қажет. Үшінші кезеңде армениялық «Алашкерт» және румыниялық ФКСБ (бұрынғы «Стяуа») жұбының жеңімпазы күтіп тұр. 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5371 )