ЖаңалықтарЕкінші лига. Маусым айының үздік бас бапкері мен ойыншысы таңдалды
16 Шілде 2019, 15:13

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Екінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігінің маусым айындағы үздік бапкері мен ойыншысын анықтады.
Сауалнама Екінші лига командаларының бас бапкерлері арасында жүргізілді.
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
Сауалнама нәтижелері келесідей:
Екінші лиганың маусым айындағы ең үздік ойыншы - Дінмұхаммед Омаров («Қыран М»)
Екінші лиганың маусым айындағы ең үздік бас бапкерлері - Сергей Салий («Алтай») және Олег Лотов («Тобыл М»)

Тағы жаңалықтар
-
Бірінші Лиганың ХІ турының «Қайрат-Жастар» - «Астана Ж» ойынының өту күні өзгерді
-
Ұлар Жақсыбаев: «Жеке марапаттарға ие болу әрқашан жағымды, бірақ командалық жетістіктер бәрінен де маңызды»
-
Горовенко мен Филиповичқа үздік бапкер және ойыншыға арналған сыйлықтары табысталды
-
Ерсұлтан Төреқұл Екінші лиганың Солтүстік-Шығыс конференциясының үздік ойыншысы атанды