РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар«Қайрат» сырт алаңда «Широки Бриег» командасын ұтты

12 Шілде 2019, 03:15

Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынын сырт алаңда өткізген алматылық «Қайрат» Боснияның «Широки Бриег» командасынан 2:1 есебімен басым түсті. 

 
Бірінші таймда «Қайрат» футболшылары жылдам қарымта шабуыл ұйымдастырып, есеп ашты. Бауыржан Исламханның берген тамаша пасынан кейін шабуылшы Адеринсола Эсеола қарсыластың қақпашысымен бетпе-бет шығып, мүмкіндікті мүлт жібермеді. 
 
«Широки Бриег» футболшылары табандылық танытып, бес минуттан соң таразы басын теңестірді. Алайда, алматылық ұжым екінші таймда тағы бір гол соғып, жеңіске жетті. Тағы да көзге түскен  Эсеола.
 
УЕФА Еуропа Лигасы 2019/20, 1 іріктеу кезең, 1 матч 
Широки Бриег (Босния және Герцеговина) – Қайрат (Қазақстан) 1:2
Голдар: Енин 34 – Эсеола 29, 58
Қайрат: Покатилов, Ахметов, Сүйімбаев, Жуков, Исламхан (к) (Кейлер 76), Эсеола, Әбікен (Қуат 56), Вржещиньский, Дугалич, Миканович, Оразов (Косович 64)
12 шілде. Широки-Бриег, Босния және Герцеговина. «Пецара».

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5359 )