РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар «Қайрат», «Тобыл» және «Ордабасының» Еуропа Лигасындағы қарсыластары белгілі болды

18 Маусым 2019, 20:00

Швейцарияның Ньон қаласында 2019/2020 жылғы Еуропа Лигасы маусымының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Қазақстандық үш клуб топтық кезеңге жолды алғашқы іріктеу айналымынан бастайды. Олар - алматылық «Қайрат», қостанайлық «Тобол» және шымкенттік «Ордабасы».

Жеребе қорытындысы бойынша «Қайрат» босниялық «Широки Бриег» командасымен кездеседі. Ал, «Тобыл» люксембургтік «Женесс» командасымен ойнайды. «Ордабасы» футболшылары Грузияның «Торпедосымен» келесі айналымның жолдамасын сарапқа салады.

Еуропа Лигасының алғашқы айналымының бірінші ойындары 11 шілде күні, қарымта кездесулері 18 шілде күні өтеді. «Қайрат» пен «Тобыл» алғашқы ойынды сырт алаңда өткізсе, «Ордабасы» үйде бастайды.
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5309 )