РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарКлубтар компрамисс таба алады ма?

12 Наурыз 2011, 10:48

Сіздердің назарларыңызға шабуылшыларды анықтайтын, мүмкін пенальти соғып, ойынна шығарылатын сәттерді айқындайтын екінші турдың бастамасын ұсынамыз.

2 тур. 12 наурыз

«Ертіс» – «Ақтөбе»
Егер бiрiншi турда орталық жарысты анықтау қиын болса, бұл жолы ешқандай да күмәндер болу тиiстi емес: былтырғы чемпионаттың қола жүлдегерi өз алаңында күмiс жүлдегерлерді қабылдайды қабылдайды.
Және де, бұл клубтардың қарсы ойындары барлық бiрге болатын факторлардан тысқары, бас айырмашылық ойын-сауықтық және қызу болып табылады. «Ертіс» пен «Ақтобе арасындағы ойын ылғыйда қызықты, тартысты және көрермендер көзайымы бола білетін. Қысқасы, біздің футболдағы баршаны таң қалдыратын, өз жүйкесі бар, тіс қақтырар жүйкелі қарсылас командалардың ойыны болады.
Екі командада белсенді түрде бірінші турдағы жеңістерімен келесі ойын барысына әзір. «Ертіс» басқа команданың алаңында «Таразбен» қарқынды ойын көрсете отырып есепті 3 есеге арттырса, «Ақтөбе» өз жерінде азулы қарсылас – «Атыраумен» ойнап жеңіске жеткен болатын
Павлодарлықтардың көш басшысы Талғат Байсуфинов ойыншылардың барлығын есепке ала алмайтын сыяқты: жарақаттың кесірінен команданың құрамында үздік ойыншы Павл Шабалин жоқ.
Вице-чемпионды қарсыластарымен салыстыра қарағанда мандар тапшылығына қатты назар аудара қоймайтын сыяқты. Болжамды түрде айтар болсақ жаңа шабуылшы Малик Мане ойынға қатысуы ықтимал.
Төрешілер: Пасько, Жаспенов (екеуі де - Алматыдан), Виноградов (Петропавловск)
Резервтегі төреші: Алёшин (Павлодар)
Инспектор: Жуасбаев (Астана)

«Тобыл» – «Тараз»
Бұл кездесу Тобыл төңірегінде, ауданның маңайындағы жаңа стадионда өтеді. Аренаның барысын костанай облысының әкімі Сергей Кулагиннің өзі бақылаған болатын.
«Тобыл» бұл ойыннға жеңіліс тапқан командалардың бірі есебінде қатысуда: бірінші турда «Ордабасымен» болған кездесуде жеңілс тауып, барша жанкүйерлерді қапыда қалдырған болатын. Равиль Сабитов жарақат алған Жартылай қорғаушы Алексей Малышев пен Анатоли Богдановты ендігі есепке ала алмас. Сондай-ақ еңбек визасын расімдеудегі кедергілер үшін босниялық команданың жаңа ойыншысы Самир Бекрич ойынға қатыса алмайды.
Өткен маусымда қостанайлықтар өз алаңында «Таразға» да қарсы ойын көрсетіп, ең төменгі есепте 1:0 әрең дегенде жеңіске жеткен болатын. Айтпақшы, өткен жылғыдай екі команданың ойынына алматылық рефери Қайрат Сләмбеков төрелік ететін болады.
Воит Талгаевтың шәкірттері мамандар жөнінде қиынщылық көріп жатқан жоқ. Өткен турда «Тараз» өз алаңында ойын көрсеткен «Ертістен» жеңіліп қалса да жеңістен үміт үзер емес.
Төрешілер: Сләмбеков, Шабанов, Қошқаров (барлығы да - Алматыдан)
Резервтегі төреші: Вишниченко (Қостанай)
Инспектор: Клепченко (Ақтөбе)

«Шахтер» - «Атырау»
Екі жақты келісім бойынша бұл жолы алаңның иесі «Атырау» емес «Шахтер» болатын болды. Өздернің стадионы «Мұнайшының» газонының дайын болмауына байланысты «Атырау» ойынды Астанадада өткізуге мәжбүр болып отыр. Бірақ екі командалардың басшылары өз ара есеп айырыса отырып, ойынның келесі айналымын Атырауда өткізетін болып шешті.
Рамиз Мамедов те, Виктор Кумыков те құрамының келеңсіздіктеріне ұшыраған емес. Қарағандылықтардың құрамында Қазақстан Құрамасының жартылай қорғаушысы жарақттың толықтай жазылып бітпеуіне байланыты Вячеслав Эрбес ойнай алмайтын сыяқты. Бірақта, Эрбес ендігі «Кеншілер» дубльдеушілер құрамына шығып жүр.
Төрешілер: Қарлыбаев (Орал), Кушебин (Рудный), Көпжасаров (Қостанай)
Резервтегі төреші: Кумашев (Атырау)
Инспектор: Абгольц (Алматы)

«Локомотив» – «Ордабасы»
Хольгер Фах мүмкіндік болып жатса бұл ойынды кейінге шегергенді қалар еді. Себебі «Локомотивтердің» құрамында жарақаттың кесіріненнегізгі құрамдағы бес бірдей ойыншы өнер көрсете алмайды. Суперкубок үшін матчта Андрей карпович пен Александр Кировтың қатарына тағы да жарақат алған Драган Богавац, Пиралы Алиев пен Данило Белич қосылды.
Шемкенттіктер «Тобылдың» үстіндегі жеңістен соң көтеріңкі көңілде жүр. Шымкенттіктердің тренерлік штабында да аса алып бара жатқан келеңсіздіктер жоқ. Владимир Белявский мықты құрамды ұсынуға үлкен мүмкіндік алуда. Дегенмен де, Фархадбек Ырысметов 90 минут бойы ойын көрсетуге дайын емес.
Төрешілер: Жуковский (Актөбе), Дерцапф (Орал), Гусев (Көкшетау)
Резервтегі төреші: Құсаинов (Астана)
Инспектор: Агеев (Костанай)

«Қайсар» – «Восток»
Қызылордалықтар өз жерінде өтіп жатқан бірінші кездесуде жоғыры есеп жинауы тиіс. Примьер-Лигага қайтып келегн оралмандар ойынды тартысты әрі қызықты қыламыз деп уәде беруде. Дегенмен «Востокта» тунир кестесінің жоғары сатысына көтеріліп, жеңіске қол жеткізуден құр алақан емес.
Альгимантас Любинскастың командасы да еш күмәнсіз жеңгісі келеді. Бірақ қызылордалықтарға жүзеге асыру қиындық туғызатын сыяқты.Егерде медмамандардың күмәнді жағдайлары расталатын болса, онда алаңға команданың көшбасшысы жартылайқорғаушы Арман Бірқұрманов шыға алмайтын болады. Арман бірінші турдың алдында зақым алып, бірақ дәрігерлік көмек алып алаңға қайта шыққан болатын. Шындығында «Шахтермен» ойнауға шамасы жетпеді.
Ал, Вахид Масудовтың командасыда бұндай басқатырарлық жайттар жоқ. Барлығы да сақадай сай, көңіл күйлері де жаман емес. Команда бірінші турда жеңіке жеткен болатын, ендігі, сол қарқынмен жалғастырып премьер-лига төріне жеңіспен келмекші.
Төрешілер: Кучин (Қарағанды), Бельский (Тараз), Искаков (Қостанай)
Резервтегі төреші: Жантуғанов (Кызылорда)
Инспектор: Буйлов (Алматы)

«Жетісу» – «Қайрат»
«Локомотивті» жеңген соң талдықорғандықтар бұл ойында өздерін фаворит санауда. Өз жеріндегі фактор тағы бар. Бірақ та, өз жеріндегі – Жетісу Мемлекеттік Университетінің стадионында талдықорғандықтар бірінші рет ойнағалы отыр.
Қарсыластардың кадр жөніндегі мәселесі сол баяғыдай: алаң иелері талантты ойыншылар Захар Коробов пен Ақжол Серікжановқа , ал, қонақтар Руслан Балтиевке үміт арта алмайтын сыяқты.
Владимир Никитенконың командасы бірінші турда «Востокқа» есе жіберіп алып, қазыр жақсы сезімде жүрмеген сыяқты. Айтпақшы Талдықорғанда «қайраттықтар» демеушілер қсынған клубтың жаңа автобусымен жетті. Мүмкін бұл фактор ойыншылардың көңілін көтеруге қалайда өз септігін тигізген шығар?
Төрешілер: Холматов, Айжігітов, Жаппасбаев (барлығы - Қызылорда)
Резервтегі төреші: Измайлов (Талдықорған)
Инспектор: Цареградский (Семей)

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 523 )