РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарСерік Жейлітбаев атындағы жүлде Мақсат Байжановқа берілді

28 Наурыз 2019, 19:42

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2013 жылы Серік Жейлітбаев атындағы сыйлықты тағайындады. Серік Жейлітбаев «Қайрат», «Есіл-Богатырь», «Шахтер», «Ертіс», «Жетісу», «Восток» клубтарында және Қазақстанның олимпиадалық құрамасында ойнады.

Үш рет Қазақстан чемпионы атанып, екі рет Қазақстан Кубогын иеленді. Серік Жейлітбаев атындағы сыйлық Қазақстан Чемпионатында ең көп ойын өткізген футболшыға беріледі. Бұл құрметке Нұрбол Жұмасқалиев, Самат Смақов, Қайрат Әшірбеков, Игорь Юрин және Ренат Абдулин сынды аладоп шеберлері ие болды.

Биыл аталмыш жүлдені қызылордалық «Қайсардың» көшбасшысы Мақсат Байжанов иеленді. Қазақстан құрамасының экс-жартылай қорғаушысы 2018 жылғы ел чемпионатының қорытындысы бойынша жалпы саны 408 ойын өткізді.
 
Тәжірибелі футболшыға Серік Жейлітбаев атындағы жүлдені Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасның Президенті Олжас Абраев табыс етті. 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5157 )