РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарОлжас Абраев: «QazSport» телеарнасы Премьер-лиганың барлық ойынын көрсетсе, көрсетілім құқығын тегін алады

06 Наурыз 2019, 12:21

«QazSport» телеарнасы алдағы демалыс күндері басталатын қазақстандық футболдың жаңа маусымын тағы да көрсетпеуі мүмкін. Телеарна директоры Павел Цыбулин Vesti.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының трансляция құқығын сатып алуды талап етілгені айтылған. Оның сөзінше, түсіру жұмыстарына мемлекет бюджетінен ақша бөлінеді. Телерарнамен арадағы жағдайды Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті Олжас Абраев түсіндірді:

 
- Олжас Шәкенұлы, соңғы күндері Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының футболдан Қазақстан Чемпионатын көрсету құқығын сатып алу талабын сынға алған Павел Цыбулинннің сұхбаты кең талқыланып жатыр. Осы мәселе бойынша Лиганың ұстанымы қандай?
 
- Біздің талабымыз өте қарапайым. Қазақстан Чемпионатының барлық ойынын толық көрсету арқылы телеарна көрсетілім құқығын тегін алады. Қоғамды жаңылыстырудың қажеті шамалы. Бұл талаптан барлығы табысқа қол жеткізеді. Футбол клубтары жарнаманы бір маусымға сату арқылы коммерциялық қызметін белсендіреді. Жанкүйерлер Премьер-лига матчтарын теледидар алдында емін-еркін қарай алады. Телеарна эксклюзивті хабар тарату мәртебесіне ие болады. Барлық ойындарды түсіру және көрсету мүмкіндігі бар ма? Футбол клубтары үшін телеқұқықты сату арқылы пайда табу маңызды. Сатылымнан түскен ақша клубтар арасында тең бөлінеді. Эфирде уақыт алмайтын клубтар да табыс табады. Қарапайым әрі түсінікті жұмыс жүйесі. Ең бастысы – әділетті.
 
- Қазіргі таңда футбол клубтарының пайда табу мүмкіндігі көп емес. Телеарнадағы трансляция жағдайды жақсарта ма?
 
- Әлбетте! Футбол клубтары бірте-бірте шығынның орнын өтеуді және пайда табуды үйренуді қалайды. Олардың қолындағы табыс табу құралы мардымсыз. Премьер-лиганың барлық ойыны теледидардан көрсетілетін болса, онда демеушілермен жарнама тарату аудиториясының кеңдігі туралы сөз қозғауға болады. Бұл жағдайда әр аймақ республикалық деңгейде өз серіктестерінің мүддесін ұсына алады. Стадиондарда жарнамалық борттар ілініп, спорттық жейделерде логотип орналастырады. Мұның барлығы көпшілікке қолжетімді телеарнаның трансляциясында көрсетіледі.
 
Телеарна осы жағдайда көрсетілім құқығын тегін алатынын тағы да қайталап айтамын. Цыбулин мырза өз сұхбатында қаржы туралы серіктестіктің екінші нұсқасына ғана баса назар аударады. Бұл жағдай бойынша футбол клубтары да пайда таба бастайды. Футбол клубтары үшін «QazSport» телеарнасының шетелдік трансляцияларды сатып алып, жергілікті командалардан бәрін тегін алуды қалайтынын түсінбейді. Футболдан Қазақстан құрамасының Астанада өтетін ойынының құқығын алу үшін де «QazSport» телеарнасы төлейді. Өз есебінен өзге елдерге халықаралық сигнал көтереді. Шетелдік компанияларға қолайлы жағдай жасалған. Ал, өзімізге келгенде жағдай жоқ.
 
- Кейбір аймақтардан жиі трансляция жүргізілетінін айтып өттіңіз. Осы уақытқа дейін тек Астана мен Алматы қалаларына неге таңдау түсті?
 
- Бұл сұрақ «QazSport» телеарнасының жетекшілігіне қатысты деп ойлаймын. Қазақстан Чемпионаты еліміздегі ең ірі қалалары Астана мен Алматыдан тұрмайды. Өкінішке қарай, «QazSport» телеарнасымен жылдан жылға серіктестік тек екі қаланың ойындарын көрсетумен тоқталып қалды. Басқа командалардың жанкүйерлері көп қиналды. Осы бағытты жалғастыра берсек, Премьер-лиганың басқа командалары үшін демеуші табу, клуб брендін жарнамалау қиынға соғады.
 
- «QazSport» телеарнасының жетекшісі Павел Цыбулин футболдан Қазақстан Чемпионатының құқығын сату – мемлекеттік ақшаны бір қалтадан екінші қалтаға салу деп санайды. Бұл пікірге қалай жауап бересіз?
 
- Өзгенің ақшасын санағымыз келмейді. Бүгінде эфирі жарнамалық кеңселерге толған, комментаторлары трансляция бойы ойындарға бәс тігу туралы айтатын телеарна бұл қызметі үшін бюджеттің ақшасы емес коммерциялық табыстан пайда түсіреді деп ойлаймын. Сондай-ақ, еліміздегі футбол клубтары тек бюджеттің ақшасына тәуелді емес, демеушілердің қаражаты арқылы да өмір сүреді. Жаңа үлгі ойлап тауып жатқан жоқпыз. Лига телеарнамен өркениетті коммерциялық қарым-қатынастың болғанын қалайды. Осы бағытта «Хабар» Агенттігімен ынтымақтастық жоғары деңгейде орналған. 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5130 )