РУС ҚАЗ
Суперкубок
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарЕвгений Постников: «Барлық футболшылар ресми ойындарды сағынып қалды»

01 Наурыз 2019, 14:25

«Астана» футбол клубының орталық қорғаушысы Евгений Постников Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасына берген сұхбатына елордалық ұжымның маусымашар ойынға қалай дайындалғанын айтып берді:

 
- «Астана» жаңа футбол маусымына қандай дайындықпен келді?
- Бірікке Араб Әмірлігі мен Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Жолдастық матчтар арқылы ойын жүйесіне қайта оралдық. Ресми ойындардың деңгейі басқа екенін білеміз. Дегенмен маусым алдында өткен жолдастық ойындардың маңыздылығы жоғары деп санаймын. Жарақатыма байланысты дайындыққа толық қатыса алмадым. Алайда, Қазақстан Суперкубогы үшін өтетін ойынға дайын боламын деп үміттенемін.
 
- Суперкубок ойынына команда қандай көңіл-күймен келіп отыр?
- Барлық ойыншылар ресми ойындарды сағынып қалды. Алматыда өтетін ойында жақсы футбол көрсетеміз деп ойлаймын. Ең бастысы ауа-райы кедергі келтірмесе болды.
 
- «Қайраттың» маусымға дайындығы қызықтырды ма?
- Оқу-жаттығу жиыны бойынша қорытынды шығаруға болмайды. Маусымның ойындары ғана баға береді. Ең алдымен өзіміздің дайындығымыз маңызды.
 
- Қарсыластың қатарында ең қауіпті ойыншы кім?
- «Қайраттың» шабуылында әрқашан Бауыржан Исламхан мен Адеринсола Эсеола ерекшеленеді. Алайда, футболда жеке футболшылар жеңіске жетпейді. Командалық ойын бірінші орында тұрады.
 
- «Қайратпен» өтетін ойын бұрынғы ойындардан ерекшеленеді ме?
- «Астана» мен «Қайрат» арасындағы тартыс – жанкүйерлер үшін үлкен мереке. Алдағы ойында қызықты болады деп ойлаймын.
 
- Суперкубок үшін өтетін ойыннан не күтесіз?
- Суперкубок – маусымашар ойын. Маусымның алғашқы турларының нәтижелері маусымашар ойыннан кейінгі көңіл-күйге байланысты болмақ.  

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5122 )