РУС ҚАЗ
Суперкубок
x

Жарыстар орталығы

  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар Абзал Бейсебеков: «Суперкубок үшін өтетін ойынға сақадай саймыз»

28 Ақпан 2019, 10:18
«Астана» командасының қорғаушысы Абзал Бейсебеков Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасына берген сұхбатында оқу-жаттығу жиынын қорытындылап, Суперкубок ойынынан не күтетіне туралы айтып берді:
 
- Қысқы үзілістегі «Астананың» дайындығын қалай бағалайсыз?
- Біз БАӘ мен Түркияда екі оқу-жаттығу жиынын өткізіп, мықты қарсыластарға қарсы ойнап, үлкен жұмыс атқардық. Команданың жасаған жұмысына бапкерлер құрамы баға береді деген ойдамын. Дегенмен, барлық футболшылар жаттығу жұмыстарында барынша еңбектеніп, жаңа маусымға тыңғылықты дайындалды.
 
- Маусым аралық үзіліс кезінде команданың ойын мәнері өзгерді ме? «Астанадан» жаңа маусымда не күтеміз?
- Жалпы алғанда біздің команданың құрамы аса өзгере қойған жоқ. Бапкерлер құрамы ойын жүйесіне тактикалық жағынан аздаған өзгерістер енгізді. Роман Иосифович Григорчуктың бапкерлік ойларын алдағы Қазақстан Суперкубогы үшін өтетін кездесу мен жаңа маусым көрсететін болады.
 
- «Қайрат» клубының қысқы дайындық жұмыстарын қадағалай алдыңыздар ма?
- Біз Премьер-Лига командаларының барлығының оқу-жаттығу жиыны аясында өткізген кездесулерінің нәтижелерін білеміз. Алайда, біз алдымен өз ойынымыз бен мүмкіндіктерімізге баса назар аударуға тырысамыз.
 
- Суперкубок үшін өтетін ойын алдындағы команданың көңіл-күйі қалай?
- Біз маусымға барынша жоғары деңгейде дайындалдық. Сондықтан да өз күшімізге сенімдіміз. Алматыда Суперкубок үшін өтетін кездесуде жеңіске жету үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға дайынбыз.
 
- «Астана» «Қайраттан» қай жағынан басым болады деп ойлайсыз?
- Біздің ойын жүйеміз қойылған, әрі маңызды кездесулерде жинаған тәжірибеміз жеткілікті. Сол себепті де маусымды жеңіспен бастауға деген құлшынысымыз өте жоғары. Дегенмен, «Қайрат» та осал қарсылас емес. Олар өз жанкүйерлері алдында Қазақстан Суперкубогын жеңіп алғысы келетіні анық. Сондықтан, қызық ойын болады деп ойлаймын.
 
 - «Астана» жанкүйерлері алдағы Суперкубок ойыннан не күтеді?
- Суперкубок үшін өтетін ойын жанкүйерлер мен командалар үшін маусымның ашылуы, барлығы үлкен футболды сағынып қалғандығы анық. Және де бұл кездесуде еліміздегі соңғы жылдардағы ең үздік екі клуб өзара кездеседі. Алматыдағы ойынға «Қайрат» пен «Астананың» жанкүйерлері барынша көп келіп, командалар қызықты футбол көрсетіп, стадионға келген көрермендерге тамаша футбол мерекесін сыйлайды деп ойлаймын. 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5119 )