РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті жаңа маусым туралы

25 Қаңтар 2019, 14:48

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті Олжас Абраев өткен аптада өткен Лиганың жалпы жиынын қорытындылап, алдағы уақытта болатын өзгерістерге тоқталды:

- Олжас Шәкенұлы, күні кеше ғана Астанада Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының жаңа маусымдағы алғашқы Жалпы жиыны өтті. Күн тәртібіне қандай сауалдар қойылды? - Алғаш рет жаңадан салынған Футбол үйінде жиналдық. Жаңа кешенде Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының кеңселері орналасқан. Сонымен қатар, құрама командаларға қажетті керемет манеж бар. Футбол жетекшілерімен кездесуде Қазақстан Чемпионатының жаңа маусымына қатысты бірқатар маңызды сұрақтар талқыланды.

- Футбол клубтарының жетекшілері Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы ұйымдастыратын жарыстардың жаңартылан ережесін бекітті. Өткен маусыммен салыстырғанда құжаттарға көп өзгеріс енгізілді ме?
- Жарыс ережелерін реттейтін құжаттар УЕФА үлгісі бойынша үш маусымға бекітілуі тиіс. Бұл қадамның отандық футбол клубтарының жұмысын бір ізге салып, ұзақмерзімді  бюджетті жоспарлауға береді. Футбол клубтарының осы бастаманы қолдады.
 
- Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы жарыс ережелері мен күнтізбелеріне байланысты нақты шешім қабылдамайды. Футбол клубтары өздерінің шешімдерін Қазақстан футбол федерациясына ұсынады. Соңғы шешімді қабылдайтын Қазақстан футбол федерациясы ма?
- Бұл – халықаралық тәжірибе. Маңызды құжаттар мен сауалдардың барлығы Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің отырысында бекітіледі. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы футбол клубтарымен бірігіп, әртүрлі форматтағы өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеп,  ережеге ұсынады. Футбол клубтарының атынан Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділбек Жақсыбековке алғыс айтқым келеді. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасын құрып, Еуропа қауымдастығына мүше болуы идеясын бастаған болатын.
 
- Жыл сайын футбол алаңдары мен инфрақұрылым мәселесі аса өзекті. Жаңа маусымда осы бағытта қандай жұмыстар атқарылмақ?
 - Қазақстан футбол федерациясының Лицензиялау және сертификация департаментімен бірігіп, инфрақұрылым бойынша жаңа регламент әзірленді. Құжатта әртүрлі деңгейдегі матчтарды өткізу үшін ареналарға қойылған талаптар нақты көрсетілген. Бүгінде кейбір аймақтарда жағдай қиын болып тұр. «Атырау» мен «Шахтер» футбол клубтарының негзі стадиондары мен «Ақтөбе» мен «Тараздың» қосалқы стадиондары Премьер-лига матчтарын ұйымдастыру талаптарына сай келмейді. Аталған клубтар үйде өтетін ойындарды бейтарап стадионда қабылдауы мүмкін. Өте қатаң шара. Стадиондарын дамытпайтын командаларды Премьер-лигаға қатыстырмау нұсқасын талдауға көштік.
 
- «Ордабасы» футбол клубының фарм-клубы Бірінші лигаға қатысуға ниет білдірді. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының мүшелері бұл идеяны қабылдай алды ма?  
 - Мұндай тәжірибе бірнеше маусымнан бері бар. Қатысушылар санының артуы біріншіліктің деңгейін арттырады. «Ордабасының» құрылымында жаңа команданың ашылуы толықтай мақұлданды. Алайда, шымкенттік клуб команданы биылғы маусымға дайындап үлгере алмайды. Сол себепті олардың Бірінші лигаға қатысуы 2020 жылға ауыстырылды. 2019 жылғы Бірінші лиганың маусымна 14 команда қатысқалы отыр. Бірінші лиганың фарм-клубтары жоғары дивизионға көтеріле алмайды. Өткен маусымда осындай командалардың қатарында «Ақтөбе-Жас», «Байқоңыр», «Жетісу Б», «Шахтер-Болат», «Қайрат А» командалары болды. Жаңа командалар үшін жүйе қарапайым. Спорт қағидасы бойынша кезең-кезеңмен көтерілу.
 
- Екінші лигада жаңа қатысушылар бола ма?
- Қазақстан кәсіпқой футбол лигасына Екінші лигаға қатысу ниетін екі үміткер білдірді. Олар елордалық СДЮСШОР №8 және Арыс қаласының «Арыс» командасы. Дәл қазір командалардың маусымға дайындығы тексеріліп жатыр. «Академия Оңтүстік» футбол клубы Екінші лигада жастар командасын қатыстырмақ. Екінші лигаға қатысатындардың саны – 17.
 
- Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы осы аптада Ел Чемпионаты мен Кубогының күнтізбесінің құрылымын жариялады. Ойындардың өтетін күндері анықталды. Жаңа ойын кестесінің ерекшелегі неде?
- Жаңа маусымның ойын кестесін құру оңай болмады. Футбол жанкүйерлері көп уақыттан бері Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі бір жылдың ішінде өтетін байқаған болар. Ойыншылардың ұлттық құраманың матчтарына қатысу үшін ФИФА-ның бес ресми терезесінде енгізу қажет болды. Ойын күнтізбесін құруда еурокубок турнирлеріне қатысатын клубтардың мүдделері ескеріліп, арнайы қосалқы күндер белгіленді. Жанкүйерлер үшін матчтардың басым бөлігі демалыс күндері өтеді. Тағы бір өзгеріс. Қазақстан Кубогының финалы қыркүйек айында өтеді. Финалдық ойындардың аймақтарда өту тәжірибесін жалғастыруды қалаймыз. Өкіншке қарай, өткен маусымда ауа-райының қолайсыздығына байланысты Шымкент қаласында ойынды өткізуге мүмкін болмады. Қазақстанның бір аймағында қолайлы ауа-райында футбол мерекесін ұйымдастыру басты мақсат болмақ. Өткен маусымда ойын кестесін жеребе тарту рәсімі арқылы өткізу тәжірибесін жалғастырдық. Ақпан айында футбол клубтарының өкілдері өз командасы үшін сандарды анықтайды. Сандар команданың атауына өзгертіліп, нақты күнтізбе белгілі болады. Жеребе тарту рәсімі ПФЛК-ТВ жобасының тікелей эфирінен көрсетіледі.
 
- Жаңа маусым 3 наурыз күні «Астана» мен «Қайрат» арасында өтетін Қазақстан Суперкубогымен басталады. Алматылық Орталық стадион қалай таңдалды?
- Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Лиганың барша мүшелеріне Қазақстан Суперкубогын өз стадиондарында қабылдауды ұсынды. Екі өтініш алдық. «Астана» мен «Қайрат». Екі ұсыныс қаралып, алматылық стадион таңдалды.
 
- Бірнеше жыл бойы қазақстандық футболдың негізгі ақпарат көзі интернет болып тұр. ПФЛК-ТВ жобасы Премьер-лиганың барлық матчтарын тікелей эфирде және жазба түрінде қарау мүмкіндігін ұсынады. Өткен маусымда ойлаған жобалардың барлығы жүзеге асты ма?
- Чемпионат ойындарының интернет-трансляциясы 2013 жылы басталды. Үш маусым бойы түсіру жұмыстары бір камерамен жүргізілді. ПФЛК-ТВ жобасы 2016 жылы қолға алынды. Жаңадан басталған жобада жаңа құрылғылар сатып алынды. Бірқатар қызметкерлер оқытылды. Тікелей көрсетілімдердің сапасын түбегейлі өзгерте алдық. Жыл сайын жанкүйерлер аудиториясы артып келеді. Өткен маусымның қорытындысы бойынша арна 10 миллион қаралым жинады. Салыстырайық. 2016 жылы – 7 миллион қаралым. 2017 жылы – 9 миллион қаралым. Біздің басты түсіру тобымыз әлемдік талапқа сай телевизиялық картинаны түсіре алады. Үш жылдың ішінде ПФЛК-ТВ жобасы Қазақстан Чемпионатының ойындарын ғана емес, еурокубок кездесулерін түсіріп, шетелдік телеарналарға сигнал жіберіп отырды. Екі жыл қатарынан Қазақстан Кубогының финалын түсіріп, картинаны жоғары сапада көрсету процесін бақылай алады. Бейне-контент жұмысын жылдам әрі кең ауқымда қамтитын Қазақстандағы жалғыз лига саналамыз. Осы бағыттағы айтарлықтай жетістіктерді мақтан тұтамыз. Жобаны әрі қарай дамыту жоспары да бар.
 
- Спортшыларды допинг-бақылау мәселесі әлемдік дау-дамайлардан кейін барлық спорт түрін алаңдатып жүр. Отандық футболда тыйым салынған препараттарды қолданбауды бақылау үшін қандай жұмыстар жүргізіледі?
- Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы мен Қазақстан футбол федерациясының аясында өтетін жарыстардың футбол матчтары аяқталғаннан кейін допинг-бақылау өткізу мүмкіндігі қарастырылған. Осы уақытқа дейін өзге Федерациялардағы әріптестермен кеңесіп келдік. Ішкі бақылау жүйесін құруға бағытталған нақты қадамға Қазақстандағы беделді журналистің материалынан кейін бардық. Алдағы уақытта отандық антидопинг қызметімен байланысты қалыптастыруды жоспарлап отырмыз.
 
- Жыл сайын Серік Жейлітбаев атындағы жүлде тағайындалады. Бұл атаққа қазақстандық танымал футболшылар Нұрбол Жұмасқалиев, Самат Смақов, Қайрат Әшірбеков, Игорь Юрин, Ренат Абдулин ие болды. Жаңа маусымның лауреаты кім болмақ?
- Серік Жейлітбаев атындағы жүлде футбол маусымының аяқталуы қарай Қазақстан Чемпионатында ең көп ойын өткізген футболшыға беріледі. Өткен маусының қорытындысы бойынша Мақсат Байжанов үміткер болып тұр.
 

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5099 )