РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • UBET-Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарАстанада Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының Жалпы жиыны өтеді

17 Қаңтар 2019, 09:25

18 қаңтар күні Астанада Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының Жалпы жиыны өтеді.

Жиында жаңа маусымға қатысты бірқатар өзекті сұрақтар талқыланады. Қатысушылар 2019 жылғы Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының жарыстарының ережелеріне енгізілетін өзгерістерді қарастырып, Премьер-лига мен Бірінші лиганың жаңа маусымының ойын күнтізбесі мен 2019 жылғы Қазақстан Республикасының Суперкубогының өтетін жерін талқыға салады.

Сонымен қатар, отандық клубтардың жетекшілері өткен маусымды қорытындылап, жаңа маусымның ресми добын бекітеді. Серік Жейлітбаев атындағы сыйлықтың иегерін анықтап, клуб құрылымындағы өзгерістерге байланысты өтініштерді қабылдайды. 
 
 
PFLK TV